Менің досым көп.Менің үйім мектептін жанында. Мен өзілісте дүкенге барамын.Дүкеннен шырын сатып аламын.
Әр әлем жаңа жылды әр түрлі қарсы алады. Мысалы Италиялықтар жаңа жыл мерекесінде ешкіммен ренжіспеуге және де ешкімнен қарыз қалмауға тырысады екен. Ал Голландияда Жаңа жыл мерекесінде жүзім салып пісірген нан тағамы қойылады. Қазақстанда Жаңа жыл 22 Наурыз күні тойланады. Сол күнде күн мен түн теңеседі. Ал Үндістандағы Жаңа жыл - Дивали деп аталады екен. Осы күні қалар мен ауылдар оттың ішінде тұрғандай жарқырап кетеді. Маған Жаңа жыл мерекесі ұнайды!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі.Біздің елімізде орыс тілі-ресми тіл.Ал ағылшын тілі-халықаралық қатынас тілі.Қазақ тілі-менің ана тілім.Сондықтан ол тілде еркін сөлеймін.Ал орыс тілінде шағын əңгімелер оқимын,теледидардан деректі фильмдер көремін,музыка тыңдаймын.Ағылшын тілінде шетелдегі достарыма хат жазамын.Болашақта француз,испан,кəріс тілдерін меңгергім келеді.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.