Ответ:
Бірінші, бұрыннан қолданылып келе жатқан араб жазуын өзгертпей сол қалпында қолдау;
Екінші,керісінше, араб жазуына өзгерістеренгізіп, тілімізге икемдеу;
Үшінші, араб әліпбиін тастап, латынға көшу;
Төртінші,миссионерлердің орыс әліпбиін өндіруге деген талпынысы.
Ұлттың болашағы-оның жазуына байланысты екенін білген қазақ зиялылары өз ойларын ашық түрде білдіріп отырды, алайда қазақ халқы үш әліпби жүйесін басынан өткерудің өзіндік себептері болды. Мәселен, шоқындыру арқылыт орыстандыруды қарқынды дамыту үшін миссионерлер «ислам дінін» жоймайынша саяси әрекеттері жүзеге аспайтынын түсініп, бұл үшін ең бірінші араб жазуын қолданыстан шығарып тастау қажет деп табады. Алайда ғасырлар бойы пайдаланып келген араб әліпбиін жою қолдан келмейді. Бірден орыс әліпбиіне көшірсе «жәдидшілердің» қолдауымен халық арасында жаппай көтеріліс болып кетуінен қауіптеніп, 1929 жылы зорлықпен латын әліпбиін қабылдап, он жылдан кейін жаппай түркі халқын орыс жазуына көшіреді.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әліпбиінің төңірегінде талай тартыс, талас керіс бірнеше жылға созылды. Ғалым қазақ әліпбиінің тиімділігі туралы жан-жақты түсініктеме бере білді. Ол туралы Алаш азаматтарының бірі М.Дулатов Ахаңның әліпби жасау шеберлігіне былай баға береді: «Араб әріптерінің өзгеріп отырғаны рас. Араб әріптерінің 14-і ғана бұрынғыша болса, өзгесі жұртқа жат болу керек қой. Ойдан шығарылған әріптерді жұртқа үйретіп, оқытып жату керек еді ғой. Ондай нәрсе болды ма? Болған жоқ, ендеше бұны өзгертушінің шеберлігі деп біліңдер. Мұны өзгерткенде әр әріптің бұрынғы тұлғасын жоймай, өзгерткенін сездіртпей хат танитын адам бөгелместен өзгерткен »
Бірақ саясаттың ықпалынан шыға алмағандар латын әліпбиіне өту туралы қайта-қайта өз пікірлерін айтып жатқанд, Ахмет Байтұрсынұлы латын әліпбиіне өтудің мұқтаждығы жоқтығын және әліпбиді өзгертудің зияны мен қиындығын түсіндіріп өтеді: «Түркі халқының араб әрпі негізінде жүргізген жазу мәдениеті бар. Жазу мәдениеті бар жұрттарға бір әріптен екінші әріпке көшу оңай жұмыс емес. Жайлап көшуге көп қаржы, уақыт, көп күш керек, өйткені екі әріппен іс жүргізуге екі есе қаржы, екі есе күш керек болады.Ондай қуат түркі жұртының бірінде де жоқ. Өнерлі жұрттың ортақ әрпі екен деп орыстар алмай отырғанда, ортағынан дәмелі болып, біз аламыз деуге болмас» деп ескертеді («Еңбекші қазақ»,1926,№282.19 желтоқсан) [2,60-бет].Ахмет Байтұрсынұлының латын жазуына қарсы шыққандағы негізгі ойлағаны-елдің мәдениеті мен экономикалық жағдайы еді. Ахаң латынға көшу арқылы бүкіл қазақ халқы біріншіден, рухани-мәдени дүниесінен айрылатыны, екіншіден, оқулық шығару, баспа ісі т.б. латындару үшін орасан көп қаржы керек болатындығын қатты ескертумен болды. Қазақты шоқындырып, қазаққа әліппе жасап бермек болғандардың қолынан келмеген бұл іс қазақтың болашағы мен еркіндігін ойлаған Ахмет Байтұрсынұлының ғана келген болатын. «Байтұрсынұлының жазуы» ең оңтайлы әліпби болып табылғанымен, «озбыр» саясат латын әрібіне көшіруді жүзеге асырып тынды. Қазақ халқы өзнің сан ғасырлық мұрасымен танысатын жазуынан айырыла бастады. Төте жазуды жақтағандар мен латын жазуын мойындағысы келмегендер қудалауға ұшырады. Ахмет Байтұрсынұлы Кеңес үкіметінің «араб жазуынан айыру арқылы тұтас бір халыққа өткенін ұмыттырып,ұлттық игіліктерді саналарынан өшіру» әрекетін жасап отырғанын түсінді. 1937 жылы ұлт қамын ойлаған ұлы тұлғаларды қудалап, көзін құртқаннан кейін, ұлт болашағы үшін жанын берген азаматтарды құрбандық етіп жойғаннан кейін , орыс жазуын «көптің қалауы бойынша» деп қабылдата салды. Ахаң жазып кеткен төте жазудың да тағдыра осылай оңайлықпен шешіле салды.
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсауының арқасында 1912 жылы Орынборда « Оқу құралы » басылып шығады. Бұл оқулық 1912-1925 жылдар аралығында 9 рет қайта басылса, оқулықтың жалғасы «Оқу құралы 2» кітабы 1913 жылы жарық көріп, 1924 жылға дейін 4 рет басылып шығады. Ал ғалымның «Тіл-құрал» атты үш кітаптан тұратын еңбегі қазақ мәдениетінің асқар шыңы болды. Қазіргі қазақ қауымы білім алып жатқан бұл оқулықтың фонетика бөлімі 1914 жылы, морфология бөлімі 1915 жылы, синтаксис бөлімі 1916 жылдары жарық көріп, 1928 жылға дейін бірнеше рет жарыққа шыққан.
1914 жылы «Қазақ» газетінде «Хұкметке керегі- мемлекеттегі жұрттың бәрі де бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу,ал халыққа керегі –өз діні,тілі, жазуының сақталуы» деген жанайқайында азаттық идеясы, еркіндіктің рухы байқалады [3- 35-бет]. Халқының болашағы мен мәдениеті үшін қыруар тер төккен Ахмет Байтұрсынұлының ерен еңбегі мәңгілік қазақ халқының жүрегінде орын алып, ұлтының жанашыры болған арыстың есімі ұрпақтар есімінде сақталады.
Объяснение:
+