Пай-пай(одағай), аспанда(қайда? үстеу) мыңдаған(қанша? сан есім) жарық(қандай? сын есім) жұлдыздар(не? зат есім) жылт-жылт етіп(қалай? еліктеу сөз) жымыңдайды-ау (не істейді? етістік)!
1. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпентіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым(қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.
2. Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенінкөрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы:Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін(қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.
3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше?Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін(қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.
4. Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?)шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен.Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақдегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.
5. Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеугесын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса(терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.
6. Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.
7. Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ
Адамдар табиғаттың бір бөлшегі. Адамзат баласы табиғаттсыз өмір сүре алмайды. Біз табиғаттан керектінің бәрін аламыз. Жеп отырған асымыз, тіпті жазып отырған дәптеріміз. Бәрі-бәрі табиғаттан жасалады. Біздің жеп жүрген жеміс жидектерімізді осы табиғаттан аламыз. Сондықтан табиғатты қадір тұта білуіміз керек. Табиғатсыз өмір жоқ.
- Елік (косуля) – дене бітімі әдемі және жеңіл кішкентай жануар. Өзендердің жайылма алқабында, орманды далалы жерлерде өмір сүреді. Бұлар кішігірім үйірімен жүреді. Жүріп келе жатып, қауіпті сезсе желге қарсы жата қалады екен. Олар бір-бірінен алшақтап жатып, жаудың келгенін уақытында білу үшін үйірімен демалады.
Еліктер көктемде төлдейді. Баласын лақ дейді. Екі лақ кейде үш лақты дүниеге әкеледі.
Тоғайларда жасырынуға ыңғайлы бүйірі мен арқасының жүні сары түсті болып келеді, ал құйрығы ақ түсті. Еліктер – қорқақ жануарлар. Жаулары көп, негізгі жауы – қасқыр. Қауіпті сезе қалса, зыта қашып келе жатқанда құйрығын жоғары көтеріп, ақ жағымен лағын жасырады. Лақтарына жол сілтеп отырады. Осылайша олар 2-3 ай бойы анасынан ажырамайды.
Еліктер шөптер мен ағаш бұталы өсімдіктер, жидектермен, саңырауқұлақтармен қоректенеді, тәттіні жақсы көреді. 11-16 жыл өмір сүреді. Облысымызды солтүстік бөлігін мекендейді.