Егер сенің жаның сау болса деніңде сау болады . егер сенің жаның , денің сау болса бәріне шыдай аласың
Мағжан Жұмабаев - қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі. 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде дүниеге келген. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен Мағжан төрт жасынан хат таниды. Қызылжардағы М.Бегішев ашқан медреседе 5 жыл оқып, 1910 жылы бітіреді. 1910-1913 жылдары Уфадағы "Ғалия" медресесінде оқиды. 1912 жылы Қазан қаласында ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен "Шолпан" атты тұңғыш жинағы басылып шығады. Осыдан соң ақын Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түсіп, 1916 жылы оны медальмен үздік аяқтайды. Семинарияны бітірген соң "Алаш" партиясын құруға қатысады. 1923-1927 жылдары Мәскеуде жоғарғы әдеби- көркемөнер институтында оқиды. Бұл жылдары орыс, Батыс Европа әдебиетін терең зерттеп оқиды. Араб, парсы, орыс, түрік тілдерін жақсы меңгереді. Абай поэзиясын мектеп етіп, үлгі алады. 1893-1938.
1 киіз үйдің киiзiн алып тастайды.
2 мықтап тұрып есiгiн жауып бекітеді
3 Iштен көтеріп жортуға шығар аланыңа апарып қояды.
4 үйдің Iшiне мал қою керек.
5 кiciлер терең етiп жер қазып , сол жердеем көрінбейді отыру керек,
6 жолбарыс ботаны көрiсiмен тұра шабады.
7 сол кезде кiciлер мылтық шоқпар ұстап корiнбей отырады.
8 қанжар мен найза салып аламыз деп келicтi
9 Таңертең Жайықбай айтқанындай дайын болды
1 0 бiр кезде қамыс Iшi жарыла бастады.
11 қамыстан Сары тарғыл аңның от шашкан үлкен көзi жарқ ете қалды.
12 үйде алденелер қирап жатты
13 мылтықтың дауысы тарс- тарс етті.
14 үлкен ан үйге соқтығыс ып құлап түсті
Наурыз келді алақай наурыз көже ішіп отырамыз отбасымызбен тітті тәтті ойнап күліп
Менің мамандығым
Өнер жолына қызыққан мен, әрдайым актриса, танымал тележүргізуші боламын деуші едім. Балалық бал дәурен кезімнен шығарма жазуға, поэзия оқуға құштарлығым қатты болды. Ең сүйікті пәндерім де қазақ тілі мен әдебиет еді. Бірақ өсе келе мен үшін өмірдегі үлкен сынақтың бірі ҰБТ-дан алған балыма байланысты өзімнің қалаған мамандығыма түсе алмадым. Бұл өмірімнің бір өтпелі қиын кезеңі болатын. Содан мамандық таңдау жағынан біраз қиналып, кейін ата-анамен ақылдаса келе Қазақтың спорт және туризм академиясына түсетін болып шештім. Әрине, ол менің қалауым емес еді, бірақ амал қанша. Алайда бұл оқу орнында мен мақсатыма жете алмадым деп айта алмаймын. Себебі, мен оқуға түскен жылы өз мамандығымнан бөлек, қосымша мамандық ретінде журналистика саласынан білім алуға мүмкіндіктерім туды. Бірақ мен бұнымен шектеліп қалмай, ары қарай “Тележұлдыз” курсына жазылып, білімімді толықтырдым. Бұл курсты оқу барысында мен журналистика жайында біраз нәрсе үйреніп, өзімнің кемшіліктерімді жөндей бастадым. Ал қазіргі таңда академиядағы барлық іс-шараларға белсене қатысып, концерттерді жүргізіп келемін. Әрине, бұл аз да болса, маған көмегі тиюде.
Журналистика саласын таңдау себебім, әрдайым ішімде жатқан сан түрлі ойлар мен әртүрлі құбылыстар ішіме сыймай кететін тәрізді. Сол кезде бірден қолыма қалам алып, ақ қағаздың бетін толтыра бастаймын. Көбіне халқыма жаным ашығаннан, әртүрлі қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға, сұлу табиғатқа қарап шабыттанып, ішімдегі құбылысты ақтарып салып, ойымды жайып саламын. Сол жазғандарың халқыңа ұнап, оқырмандарың көбейіп жатса, бір рахаттанып қалатындайсың. Иә, бұл әрбір журналист үшін үлкен жетістік емес пе?! Жалпы өнер адамы болғандықтан тек бір өнермен шектеліп қалмау керек. Себебі өнер саласы бір-бірімен байланысып жатқандықтан, ол сурет салу болсын, спорт болсын біле жүру керек деп ойлаймын. Бұл журналист үшін өте маңызды мәселе деп білемін.
Жалпы мен үшін журналистика мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Менің ойымша журналист болу үшін – мақсатына берік, өз пікірін нақты жеткізе білетін, кез-келген жанмен тез тіл табыса алатын жан болуы керек. Бұл саланың ұнайтыны да осы жері және бұған қоса күнделікті әртүрлі тағдырлар мен кездесулер, қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында жаңа мәліметтерді іздене отырып, біліміңді, ой-өрісіңді кеңейте отырасың. Болашақта Алла жазса өзімді тележүргізуші ретінде де байқап көргім келеді.