Менің тоқсан жасқа жақындап қалған қария атам үнемі былай дейді - "Еңбекпен тапқан нанның дәмі тәтті болады". Мен бұл сөздің мағынасын алғаш рет жұмыс жасап көргенде түсіндім. Жазда анама саудамен көмектесейін деген ниетпен, балмұздақ сатып еңбек еттім. Әр айдың соңында, анам маған тиесілі жалақы беріп тұрды. Мен ол ақшаны үнемдеп ұстап, албаты шашпай, өз қажеттілігіме ғана жұмсадым. Бұл жазғы демалыстан соң ата-анамыздың біз үшін аянбай еңбек ететінін түсіндім. Сонымен қоса, осы шығарманың тақырыбына арқау болған мәтелді енді өзімнің есімде ұстап жүремін. Қазіргі таңда, молшылық заманында мектеп жастағы балалар жұмыс істемеді. Ал біздің ата-апаларымыз және ата-әжелеріміздің кезінде барлығы бөлек болған. Олар бір пұт бидай үшін талай күндер терлеп еңбек еткен. Ешкімнен ұрламаған, ешкімді алдамаған, тек өздерінің таза еңбектерімен нан тауып жеген еді. Мен де өскен кезде сондай жандардың бірі атанғым келеді, еліме адал еңбек қылып, "тәтті нанның" дәмін әлі талай сезінгім келеді!
Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды, Екеуі қызықтырған талайыңды. Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса, Тұрады нұрға малып маңдайыңды. (Ай,күн)
Су ішінде екі жайын, Бірі кетсе, бірі дайын.
(Ай,кун)
1.Ғаламтордың алдында кем дегенде бір сағат отырам.2.Ғаламтордан кеңестер, өзіме пайда болатын заттарды тауып,керегімді тауып аламын.3.Ғаламтордың зияны миға,басқа ,жəне көзге зияны бар.
Менің Президентім
<span>Бірінші желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Бұл адамды балабақшадағы сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін біледі.Еліміздің алға қойған мақсаты мен міндеттерін, қуанышы мен жетістігін сенімділік пен үмітті басшылыққа ала отырып алға тартып келеді.Отанымыз тыныш, көрші елдермен тату- тәтті,бейбіт өмір сүріп келеміз. </span>
<span>Қаз тұрып келе жатқан жас мемлекетіміздің әрі қарай дамуының басында бірінші күннен бастап осы кісі тұр. Кемені басқарған штурман да, бағыт көрсетуші де Елбасымыздың өзі, сондықтан да мемлекетіміздің әр азаматы болашаққа деген сенімділікпен өмір сүруде. </span>
<span>Нұрсұлтан атамыз балалардың үлкен досы.Балаларға үлкен қамқорлық көрсетуде. Соның бір дәлелі біздің сүйікті қаламызда Нұрсұлтан зияткерлік мектебінің таяу уақытта ашылуы. Менің арманым Президент атамыздың атындағы мектепте оқып,елімнің үмітін ақтау. Біз болашаққа сеніммен қараймыз, ал болашақ біздің қолымызда. Мен елімнің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімді қосамын. Нұрсұлтан атам сияқты өз елімді, өз жерімді шексіз сүйіп, Отан алдындағы борышымды орындауды азаматтық парызым деп түсінемін.Біз, балалар, Президентпен бірге бақыттымыз! </span>