«Сүйемін туған тілді анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутімнен, Құлағыма сіңірген таныс үнім. Сол тілмен шешем мені әлдилеген, Еркелеткен, құлыным, жаным деген. Сол тілменен бірінші білгізілген, «Апа» деген сүйгендік сөз һәм менен. Қалжақтап алып қашып құрбы бөркін, Сол тілменен ойнадым далада еркін. Сол тілменен бірінші сыртқа шыққам, Өмірден, ен даладан ұққам көркін. Сол тілменен білгіздім тілегімді, Бірінші сүйген жарға жүрегімді. Маған қарай тығылып «жаным» деген, Мойнына апарғанда білегімді. Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын, Сол тілменен ұғынды, әдетті мен жаттадым, Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты, Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным».
<span>Дереккөзі: </span>https://www.zharar.com/kz/olen/1054-til.html#read
<span>© www.ZHARAR.com</span>
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан - жыр елім!
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан - көз жасым!..
1. ерте кезден: ежелден, бұрыннан, ертеден, баяғыдан
2. қымбат:бағалы, бағасы жоғары,
3. тасымалдаған: тасыған, жеткізген, апарған
4. бой көтереді: биіктейді, өседі, жетіледі.
Сөйлеу үшін əріптер керек, ал əріптер алфавитің ішінде. Егер біз алфавитті білмей отырсақ сөздер мен сөйлемдер де болмайды.
Сурет жоқ болғандықтан:)Өзім құрап көрмекке бел будым.
Қыс-тамаша мезгілдердің бірі. Көптеген ақындардың өлең-жыр жолдарынан болсын біз қыстың көрінісін айқын байқай аламыз. Қыс мезгілінде балалар шанамен, конькимен, шаңғымен сырғанап асыр салып ойнай алады.Қыс балалардың көңіліне шуақ сыйлайтын ерекше мезгіл.Алайда жаман жақтарыда бар екенін біз білеміз. Қыста боран соғып, көптеген адамдар суықтап қалуы да әбден мүмкін. Бірақ қыс өзіме қатты ұнайды.