Әр зауыттың немесе өнеркәсіптің өз басшысы болады.
Күздік ауа райы салқындау болып келеді.
Сызғыш арқылы партаның ұзындығын өлшеуге болады.
Екілік баға өте төмен көрсеткіштің белгісі.
Менің бауырым орындықта отырып, ойыншық ойнайды.
Әр ана өзінің баласын құлыншағым деп атайды.
Мен бүгін мектепте кезекші болып істеймін.
Арман, ана қаламды өз жеріне қойшы!
Шахмат ертеден пайда болған ойын түрі. Ойынды заңды түрде екі немесе бірнеше адам ойнау керек.
Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылығы болады.Мысалы-тілі,киімі,салты,әдет-ғұрпы, батырлары,ертегілері.Осылар өзгелерге ұксамайтын қасиеттері№Осыны ұлттық құндылық дейді
Атау септік – кім? не?
Ілік септік– кімнің? ненің? –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.
Барыс септік– кімге? неге? қайда? –ға, -ге, -қа, -ке.
Табыс септік– кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.
Жатыс септік– кімде? неде? қайда? –да, -де, -та, -те.
Шығыс септік– кімнен? неден? қайдан? –нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден.
Көмектес септік– кіммен? немен? –мен, -бен, -пен.
Менің достарым көп. Достарым өте ақылды. Олар маған әрқашан көмектеседі. Мен достарымды жақсы коремін.