Біздің үйдің шатыры көршінің шатырына қарағанда биіктеу.
менің шалбарым дымқыл болып тұр.
тамақ бігін ашылау пісіпті.
көртенің түсі қызылдау болып тұр.
мирасқа етігі тым үлкен сияқты
1-жарғы.Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.
2-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.
1.Бұл повестте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар.Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады.
2. Бұл әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен роль ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіптіб әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді.Ол қызға махаббатының тасығаны сонша кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады.Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады.
Қожа жазушы болуды армандайды.
Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.
Аса таяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады.
Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.
Дауылпаз - ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа асып алып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында - «Тәбльбасс», Қырғызда « Доолбас» деп аталады.
- АЛАҚАЙ, МЕН БҮГІНГІ ЖАРЫСТАН БІРІНШІ ОРЫН АЛДЫМ.
-БӘРЕКЕЛДІ, СЕН БҮГІН БІРІНШІ ОРЫН АЛЫПСЫҢ.
-ӘТТЕҢ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСАМЫН ДЕП, ҮЙ ЖҰМЫСЫН ҰМЫТЫП КЕТІППІН.
-БҮГІН САБАҚ БОЛМАЙДЫ, АТАМНЫҢ ҮЙІНЕ БАРЫП ЖЫЛҚЫҒА МІНЕЙІК.
-Сен жылқыны қалай шақыру керек екенін білесің бе?
-Әрине, құрау құрау
-Ал итті қош қош, ешкіні пұшайт пұшайт
-Пай пай бәрін біледі екенсің ғой.
-Жарайды кеттік атқа мініп жарысайық.