Мен оте кушты ан айтамын. Быздын мектепте Аружан деген кыз би билейды. быз далада алтыбакан тебемыз. меным анам оте татты тагам дайндады. казакстанда той болганда шашу шашады.
Қазақ тілін үйрену үшін көп тырысу керек.мен үшін бұл ең əдемі тілдердің бірі.өз тіліңді де ұмытпау керек.
чтобы выучить казахский язык нужно много стараний .для меня этот язык один из самых красивых.свой язык тоже нельзя забывать
Жұмбақтар:
1) Айуан екі аяқты, асқан батыр,
Басына о батырдың тіккен шатыр.
Шешерсің дана болсаң бұны біліп,
Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда,
Бір айла адамзатта болып жатыр. Бүркіт
2) Бес жігіт біреуінен біреуі аласа,
Тұрады төрті көрші, бірі оңаша.
Бастары бірікпесе кетер әлі,
Ырқына бір-бірінің ұнамаса.
Тастайды тау қпарып, көл қотарып,
Бесеуі бір ниетпе шыға қалса. (5 саусақ)
3)
Бір итім бар үрмейді,
Ары-бері жүрмейді.
Тамақ берсең жемейді,
Су ішуді білмейді.
Ол тұрғанда еш адам,
Үй ішіне кірмейді. (Құлып)
Қазақстан көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олардың әрқайсысы қазақ тілін және мәдениетін жақсы меңгерген. Қазақстанда еркін, бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Оның бәрі ұлан байтақ еліміз бен жерімізді аман сақтап, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған ата-бабаларымыздың арқасы. Осы бейбітшілік үшін ата-бабаларымыз, сан мыңдаған батырларымыз жанын қиды. Қазіргі таңда Қазақстан күннен-күнге көркейіп келе жатыр. Еліміздің бас қаласы – Астана. Астана жас қала болса да, ерекше көздің жауын аларлықтай керемет. Сонымен қатар көкке асқақтай көтеріліп, еліміздің айбынына айналған бәйтерек те Астана қаласында орналасқан. Бәйтерекке күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінен, шет елдерден жиналған адамдар бір толастамай ағылып келіп жатады. Сондай-ақ Ханшатыр, Ақорда, «Қазақ елі» монументі сияқты ерекше көрікті жерлер аз емес. «Қазақ елі» монументі 2009жылы 20 қазанда еліміздің басты бейнесі ретінде бой көтерді. Монументтің биіктігі 90 метр. Ал рәміздерімізге тоқталатын болсақ, олар: Әнұран, Ту, Елтаңба. Біздің еліміздің туы көк түсті. Ортасында күн мен қыранның суреті бейнеленген. Күн еліміздің болашағы жарқын, жолы ашық ел екенімізді білдірсе, қыран құс еркін, азат, тәуелсіз мемлекет екенімізді білдіреді. Туымыздың шеткі жағында алтын түстес бояумен боялған ұлттық оюымыздың бірі болып табылатын қошқар мүйіз бейнеленген. Ал Елтаңбамызда бидай қанатты пырақ, жұлдыз, шаңырақ орналасқан. Бидай еліміздің молшылығын білдіреді және қасиетті де, қадірлі нанымыз осы бидайдан алынады. Жұлдыз ол әрқашан кеңпейіл болашағымыз жарқын ел екеніміздің символы. Бұрындары адамдар жұлдыздарға қарап, ауа райын, жұлдыздардың бағыт-бағдарын анықтаған. Демек, жұлдыз біздің жұлдыздай жарқырап, әлі талай асуларды бағытдыратынымыздың нышаны. Қанатты пырақ қанатын кеңге жайып, даламыздың шексіз байтақ екенін білдіреді және тұлпардай жүйрік екеніміздің бірден-бір белгісі. Шаңырақ ол татулық пен бірліктің, ынтымақ пен күш-қуаттың белгісі ретінде алынып отыр. Шаңырақ біздің ата қонысымыз, көшпелі қазақ халқының жайлы баспанасы бола білген, қазақ үйдің төбесінде тұратын бір бөлігі.Қазақ халқы шаңырақты киелі деп санаған.
<span>Дереккөзі: </span>https://www.zharar.com/kz/shygarma/10031-kazakhstan.html
<span>© www.ZHARAR.com</span>