Ата-ананың мейірімі
Ата -ана сөзі үш әріптен құралған,
Сонда жатыр өмірдің мәні сан алуан.
Биік тұрар бұл жандардың есімі,
Мәңгілікке есімдері есте қалған.
Ананың ыстық мейірімі,алақаны,
Жылытады шуағымен әрбір таңды.
Бар әлемді мейлі алдыма қойса да,
Теңемеймін ешбір жанға ананы.
Қамқоршы әке ,тілекші,асқар әке
Өмірдегі мақтанышым дара әке.
Сырт келбетіңіз суық болса да,
Ұқтырасыз көз жанармен мейірімді әке.
Ата-ана өмірдің мәнісіздер,
Сіздерсіз жарық әлем түссізденер.
О адамдар ұғыңдаршы ата -атаның,
Мейірімі шексіз екен ,білсеңіздер!