Мен қызанақты бүгін дүкеннен сатып алдым.
Мен орамжапырақты таңертең тұздадым.
Мен сәбізді кеше қоянға бердім.
Мен қиярды қаладан сатып алдым.
Мен қызылшаны бүгін салатқа пісірдім.
Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөөдерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 14 жасқа толды. «Елу жылда ел жаңа» дейді дана халқымыз. Бірақ 50-дің жартысына да еме 14 жасқа енді ғана толып жатқан жаңа қала жас қала Ару Астанамыздың көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағыта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. Ару Астанамызда орналасқан әсем ғимараттың бірі - «Пирамидаға» тоқталсақ оның ішін былай қойғанда сыртының өзі ерекше бір әлем емес пе?. «Бәйтерегіміздің»- өзі неге тұрады? Онымен қоса «Мұз қалашығымыз» тағы бар. Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ уақыт жеткізе алмайтын іспеттіміз. Астананың ауыз толтырып айтар жері көп екені бәрімізге аян. Яғни , ару Астанамыздың халық тамашалап, қызықтап көрер жері көп. Бұл дегеніміз Астананың не бәрі 14 жылда қол жеткізген жетістіктері десек артық айтқан болмас едік. Тіпті шет елдерден қаламыздың әсем жерлерін аралап, тамсанып кететін шет елдік қонақтар да аз емес. Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Астана – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір, қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының – жүрегі. Не бары 14 жылдың ішінде адам айтса сенбестей өзгерген ару Астана өзге елдермен терезесі тең, келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Осындай жетістікке жетіп, Астананың алып жатқан асуы – тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі елдігіміздің, айбарлы азаттығымыздың арқасы.Ең бастысы Елбасымыздың дара басшылығының қол жеткізген биік белестері деп ойланбастан айта аламыз. Әлемде аждаһаданда айбарлы, ғаламдық жаһанданудан аман өткен Астана бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көрпкейіп, гүлденуде. Бұл да болса халықтың айрандай ұйыған ауызбіршілігі, тұрақтылығы және ең бастысы шаттығы шалқыған бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп жатқаны, ақ көңілді, кең пейілді, ешкімді жатсынбайтын, арамдықтан ада, қиянаттан шет, жомарт мінезді, кез келген адамзатты бауырана баса білген бауырмал ешкіммен теңдесі жоқ қара қазағымның арқасы. Өзге ұлт күйресе де, жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан жаңа қаламыз ешқашан жойылмасын. Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін. Асқақтай бер Ару қала – Астана, Туған күнің құтты болсын –Астана!!!
Батырлық туралы
Менің ойымша, батырлық деген кең ауқымды ұғым, оны бір сөзбен айтып – түсіндіру мүмкін емес. Себебі, бейбіт заман мен сұрапыл соғыс кезіндегі батырлық екеуі аспан мен көктей екі түрлі нәрсе. Мысалға, соғыс уақытында батыр бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен келер ұрпаққа бейбіт өмір сыйлап, қасық қаны қалғанша елін, жерін жаудан қорғап нағыз батыр болған. Ол аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерліктері тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихына алтын әріптермен жазылған, мысалға мен өз басым, Бауыржан Момышұлын мақтан тұтып, ол кісінің жасаған ерлігін, артынан өшпес мұра етіп қалдырып кеткен еңбектерін өте жоғары бағалаймын. «Болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, ата - анам есімімді Бауыржан қойғанын да мақтан тұтамын.
Ал соғыс жоқ бейбіт заманның батырлары мына біз бен сіз де бола аламыз. Мысалға, күні кеше ғана теледидардан лаулаған өртке оранған үйден сәбилерді алып шыққан өрт сөндіруші жайлы хабар көрсетті. Міне, бұл – нағыз ерлік деп білемін. Немесе, тағы бір мысал, өткен жылы жаз уақытында жолдастарыммен көлдің жағасына демалуға барғанбыз. Сонда суда жүзіп жүргенімде, кенеттен менің аяғым тартылып, еш қозғала алмай қалдым. Мұны байқаған достарым бір сәтте кідірмей суға кіріп, мені жағаға алып шықты. Бұл да – ерлік. Менің оларға алғысым шексіз.
1. Біздер кітаптарға тапсырыс бердік.
2. Мен кеше ғана "Әлемді 80 күн ішінде шарлау" кітабын бітірдім.
3. Олар Жюль Верннің тек бір кітабын біледі.
4. Ыбырай Алтынсарин қазақ балалары үшін мектептің негізін қалаушысы болды.
5. Бұл әңгіме мені еліктіріп алды.
6. Сен кіші жүздің таралымын білесің бе?
7. Олардың қызықты саяхаты осы әңгіме туындысы ретінде қолданылады