Множественное лицо
Биздин анамыз , китабымыз
Сендердин аналарын , китаптарын
Сиздердин аналарыныз,китаптарыныз
Олардын аналары , китаптары
Ответ:
Жеміс-жидекте
дәрумен көп. Оларда адамға, керек дәрумен, минерал көп. Сүт тағамдарында сүйек қатайтатын дәрумен көп.
Мен сүт тағамдарын, жеміс-жидекті, етті,
балықты жақсы көремін. Олар
денсаулыққа пайдалы.
Жартылай дайын өнімдерді
жемеймін. Оларда адамға зиян заттар мен
бояулар бар.
Еуропа мен Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың көпшілігі (керуен жолдары, елшілік көштері, т.б.)ежелгі заманнан-ақ қазіргі Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты Қазақстанның кейбір табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгілі болған. Мысалы, Геродот (б.з.б. 5 ғ.) Каспий теңізінің шығысында шексіз жазық өңір жатқандығын және оны массагеттердің мекендейтіндігін баяндаған. Птолемей (б.з. 2 ғ.) өз еңбектерінде Жайық (Dаіх), Жем (Rhymmus) және Сырдария (Jаxаrtеs) өзендері туралы мәліметтер келтірген.
9 – 10 ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама беріп, картаға түсірді және гректердің Әмудария мен Сырдария өзендері Каспий теңізіне құяды деген топшылауын теріске шығарып, Арал теңізіне құятынын анықтаған. Арабтардың сол кездегі деректерінде Жайық, Жем, Сағыз өзендері аталған. 13 ғасырда Моңғолияға Италия саяхатшысы Джованни Плано Карпини және фламанд саяхатшысы Виллем Рубрук бастап барған елшілер өздері жүрген Қазақстан аумағындағы шөл, шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген. Олар өздерінің жеке бақылаулары негізінде Каспий теңізінің тұйық алап екендігі туралы маңызды геогр. мағлұматтарды жаңартып толықтырған және Алакөл, Балқаш көлдері, Тарбағатай, Жетісу Алатауы (Еренқабырға) жайында алғашқы деректер келтірген.
15 – 17 ғасырлардағы Қазақстан туралы географиялық мәліметтер Ресей әдебиеттерінде жинақтала бастаған. Бұл мәліметтер Мәскеу мемлекетін және оған іргелес аумақтарды бейнелеген “Большой чертеж” (“Үлкен сызба”) картасында жүйеленген. 1627 ж. шыққан “Книга большого чертежа” (“Үлкен сызба кітабы”) атты еңбекте қазіргі республиканың батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінің біршама жерлеріне нақтылы сипаттама берілген. 17 ғасырларда Қазақ ордасына және Орта Азия хандықтары жеріне жасалған орыс саяхатшыларының зерттеулері жиілей түскен. Олардың Жайық өз. сыртындағы дала туралы мәліметтері жинақталып, “Чертеж всей земли безводной и малопроходной каменной степи” (“Бүкіл жері сусыз, өтуге қиын тастақты дала сызбасы”) деген атпен жарық көрген (1697). Бұл туынды С.Ремезов жазған “Чертежная книга Сибири” (“Сібірдің сызба кітабы”) атты орыстың тұңғыш геогр. атласы құрамына енген. Мұнда Қазақстан аумағының көпшілік бөлігі қамтылған. 18 ғ-дыҢ 30-жылдарынан 19 ғ-дың 60-жылдарына дейін созылған Ресейдің Қазақстанды отарлау үрдісі оның аумағының геогр. зерттелуінің сипаты мен барысына әсерін тигізбей қоймады. Бұл кезеңде жаңа қосылған аумақтарда орыс мемлекеті билігін орнату және нығайту мақсатына сай көптеген арнаулы әскери және ғыл. экспедициялар ұйымдастырылды.Ертіс өзені бойында бекіністер салуға және Жоңғар хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнауына байланысты Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанды тұңғыш топографиялық картаға түсіру ісі жүргізілді. Сонымен қатар Қазақстанның батысында, Каспий мен Арал теңіздері жағалауында, Сарысу, Шу өзендерінің алаптарында картаға қарапайым түсірулер іске асырылды. Бұл түсірулердің нәтижесінде, бір жағынан, Қазақстанның жеке өңірлерінің тұңғыш ірі масштабты карталары жасалса, екінші жағынан, табиғат ерекшеліктері туралы ғылыми мәліметтер жиналды. Қазақстан географиясы туралы алғашқы ғыл. еңбек П.И. Рычковтың 1762 ж. шыққан “Топография Оренбургская” (“Орынбор топографиясы”) атты кітабы болды. Қазақстанның геогр. зерттелу тарихында 1768 – 74 жылдардағы акад. экспедициялар ерекше орын алды. Ресейдің Ғылым және көркемөнер академиясының академиктері мен адъюнктері Қазақстанның Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы бөлігін, Маңғыстау түбегін, Ырғыз бен Торғай өзендерінің алабын, Есіл даласын, Ертіс маңы ойпатын, Кенді Алтайды және Қалба жотасын зерттеді.
1820–21 жылдары экспедициялық зерттеулер нәтижесінде “Естественная история Оренбургского края” (“Орынбор өлкесінің табиғат тарихы”) атты 3 томдық еңбек жарияланды. Оның 1-бөлімінде Бат. Қазақстанның табиғат жағдайларына жалпы сипаттама берілді.
.
Ұшақ,құжат,интернет,радио,касета
Ответ:
Ббб
Аааааааааааааааккккккккккккккккккккууууукккккккк