Грамматика
Морфология
Сөз құрамыТүбірЖұрнақЖалғауКөптік жалғауТәуелдік жалғауСептік жалғауЖіктік жалғауСөз таптарыЗат есімСын есімСан есімЕсімдікЕтістікҮстеуШылауЕліктеу сөзОдағай
Синтаксис
Сөз тіркесіСөйлем мүшелеріБастауышБаяндауышАнықтауышПысықтауышТолықтауыш
Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі.
Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай:
ол онан жөн сұрады;олар бір-бірінен жөн сұрасты;ол онан жөн сұратты;онан жөн сұралды;ол өзі сұранды
деген сөйлемдердегі етістіктерін (сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран) бір-бірімен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. Осы бес түрлі негіздің соңғы төртеуі сұра түбірінен тиісті жұрнақтар арқылы (-с, -т, -л, -н) туып, бір-бірінен ерекшеленіп тұр; осы формаларына қарай (түпкі лексикалық мағынасы бір бола тұрса да), олардың семантикалық мәндерінде де бір-бірінен айырмашылық бар.
Сондай-ақ:тасы, тасыс, тасыт, тасыл, тасын;жу, жуыс, жудыр, жуыл, жуынайт, айтыс, айттыр, айтылтәрізді түбірлес етістіктерден де осы жүйе аңғарылады.
Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді:
негізгі етіс,ортақ етіс -с (-ыс, -іс),өзгелік етіс -т; -тыр (-тір, -дыр, -дір),ырықсыз етіс -ыл (-іл, л),өздік етіс -ын (-ін, -н)