Шашкин Зейін Жүнісбекұлы (31.12.1912, қазіргіПавлодар облысы Баянауыл ауданы— 29.3.1966, Алматы) — жазушы. 1930 — 1933 жылдары Мәскеудің Тарих, философия және әдебиет институтында (МИФЛИ) оқыған. 1933— 1937 жылы Қарағанды қалалық комсомол комитетінің хатшысы, Семей педогогиялық институтында,ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы,1949 — 1955 жылдары КөкшетаудағыБурабай санаторийінің Бармашы (қазіргі “Светлый”) пансионатында дәрігер, ал 1955 — 1956 жылдарыҚазақстан Жазушылар одағындакеңесші қызметтерін атқарған. Шашкин Зейін Жүнісбекұлы баспасөзде алғаш өлеңдерімен, зерттеу мақалаларымен 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап көрінді. 1934 жылы “Абай поэзиясының ерекшелігі” атты еңбегі жарияланды. Е.Ысмайыловпен бірігіп жоғары оқу орындарына арналған “Әдебиет теориясының оқулығын” (1940) жазды.
Кейін Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының тарихи-әлеуметтік халі әрі 1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс, жеке адамдардың жан дүниесі, олардың дүние танымы суреттелген “Таң атты” (1955, орыс тілінде), “Ұядан ұшқанда” (1957), сондай-ақ халықтар достығы, замандастарының өмірі, туған жерге деген сүйіспеншілігі тартымды бейнеленген “Темірқазық” (1959), “Өмір тынысы” (1964), “Ақбота” (1966)повестері мен әңгімелер жинақтары, Жетісудағы саяси-әлеуметтік өзгерістерді кезең көрінісімен шынайы өрнектеген “Тоқаш Бокин” (1958), қазақ әйелінің қоғамдағы алатын орны, оның өндірісті, өнер-білімді, мәдениетті өрге бастаудағы және отбасындағы рөлі, әлеуметтік, этикалық, эстететикалық көзқарастары баяндалатын “Теміртау” (1960), адамдар санасындағы және тұрмыстағы жаңа салт, озық дәстүрлерді таратудағы зиялы қауымның рөлі, дәрігердің қоғам алдындағы парызы, басшы қызметкерлердің еңбек адамдарымен қарым-қатынасы, өзара сенім, достық, бірлік рухын қалыптастырудағы өнегесі айшықты кестеленген “Доктор Дарханов” (1962), тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы кезеңіндегі көрген қиыншылықтары, ой-арманы, адамгершілік асыл қасиеттері арқау етілген “Сенім” (1966) романдары жарық көрді. “Заман осылай басталады”, “Ақын жүрегі” пьесалары республикалық, облыстық драма театрларда қойылды. Оның шығармалары негізінде “Мазасыз таң” атты көркем фильм түсірілді. Туындылары шет ел тілдеріне аударылды. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған
Кенгуру-таңғажайып австралиялық жануар. Оның секіруге арналған үлкен және бұлшық етті артқы аяқтары бар, тепе-теңдік үшін ұзын күшті құйрығы мен шағын басы бар. Кенгуру-секіруді қозғалыс тәсілі ретінде пайдаланатын жалғыз ірі аң.
Ең үлкен кенгуру-қызыл кенгуру (Red Kangaroos). Олар қысқа қашықтыққа 70 км/сағ жылдамдықпен секіруі мүмкін, бірақ әдетте олар үшін жайлы 20 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.
Жылдам және экномдық қозғалыс тәсілі ретінде секіру хишников шабуылына реакция ретінде бөлігі бойынша кенгуру тұсында дамыды, бірақ негізінен кенгуру пиши мен суды іздеуде үлкен қашықтыққа жылжытуға мәжбүр болғандықтан.
Кенгуру 9-18 жыл өмір сүреді, ал жеке адамдар 30 жасқа дейін өмір сүреді.
Кенгуру ақылды жануар, оның австралиялық көршілері сияқты. Әйел кенгуру әдетте үнемі жүкті, жүктілік шамамен бір айға созылады. Кенгуренок сөмкеде қалады 9 ай бұрын сыртқа шыға бастайды. Кенгурин сүтінің құрамы баланың жасына байланысты. Кенгуру тіпті бір уақытта 2 Түрлі сүт өндіре алады: біреуі жаңа туған кенгурен, екіншісі оның үлкен ағасы немесе әпкесі үшін, ол сөмкеде тұрады.
Ас атасы-нан дейді қазақ халқы. Нанды қадірлеу,қиқымын шашпауды ата-анамыз,ұстаздарымыз үйретуде.Әрине нан адамға оңайлықпен келмейді.Ол үшін адам еңбек етуі керек деп ойлаймын. Еңбек еткен жерде береке,тыныштық болады. "Нан бар жерде ән болады" деген нақыл сөзді қолдаймын.