Отан!! Отан! Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем, Өмірден бұл өксуменен кетер ем. Құс ұясыз, Жыртқыш інсіз болмайды. Отансыз жан өмірінде оңбайды. Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды. Тірі адамға - сол қайғы! Күн көреді, Әкесіз де, анасыз, Өмір сүрер. Әйелсіз де, баласыз, Ал Отансыз - Нағыз сорлы панасыз? Білесің бе, Отанның сен не екенін? (Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.) Екі Отан жоқ. Жалғыз Отан - мекенің!