Мен тортыншы сыныпта окимын. Менде коп окулыктар (учебники) бар. Менын суйыкты сабак-казак тылы, Себебы мен казак тылы окулыкты суемын. Бул кытапта ар турлы матындер (текст) бар. Олар андар, кустар, Адамдар туралы бызге айтады. Бул окулыкта оте адемы суреттер бар. Онда олендер бар. Мен олен (стих) оку суемын.
Үлкендер "ақшаң болса қалтаңда, мал таңдада, талтаңда" деп бекер айтпаған деп ойлаймын. Барша адамның қалауы болған айналайын ақша саған айтарым бар. Сен менің қалтамда әрқашан көөөөөп болып жүрші. Өйткені ақшам көп болса, көп жұмыстар жасар едім. Мысалы мен: ауылдағы атам мен әжеме Астанаға келіп тұратын ұшақ, әкем мен анама Бәйтеректің жанынан пәтер, бауырларыма қалаған ойыншықтарын сатып әперер едім. Жағдайы жоқ мұқтаж жандарға көмектесіп, мешіттерге көп-көп садақа беріп, біз сияқты көпбалалы отбасыларына баспаналы болуына жағдай жасар едім. Бірақ әттең сен ақша жарықтық өзіңді орынсыз жұмсайтын адамдардың қалтасында көп жүресің. Неліктен? Құныңды арттырғың келсе жақсы адамдардың қалтасында жүргеніңді қалаймын. Айтпақшы адал ақшаның адал еңбекпен келетінін атам айтқан болатын. Атамның "еңбекқор адам бақшалы, несібелі адам ақшалы болады" деген осы бір сөзін мен ешқашан ойымнан шығармаймын.
Біздің еліміздің табағаты өте ерекше. Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да, я қаламыз, я ауылымыз жайнап тұрады. Қазір қыс мезгілін алсақ, терең тыныс алатын таза ауа, ақ көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар. Ал, енді көктемге мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтың бәрі көгеріп, жер астынан бәйшешегіміз бүршік атып шығады, Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты. Күзге тоқталсақ, бұл жыл мезгілі әсіресе ақын аға-апаларымыз тілін түсіне білетін алтын уақыт. Иә, қалай дегенде де менің өлкемнің табиғаты тамаша, кең байтақ! Мен осы елде қазақ болып туылғаныма қуанамын!
Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шаршы шақырымнан асады. Республика шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал Солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань (Ереңқабырға) шыңдарына дейін созылып жатыр. Қазақстан жерінің өте үлкендігінен әр аймағының табиғаты бір-біріне ұқсамайды, біркелкі емес. Оңтүстігінде ағаштар гүлдеп, жер көгергенде, солтүстігінде әлі қар жатады. Қазақстанның оңтүстік облыстарында жылуды жақсы көретін күріш, қант қызылшасы, мақта, жеміс түрлері, әртүрлі дәрілік шөптер мен өсімдіктер өседі. Бұл аймақтарда жаңбыр аз жауады, жазы ыстық, әрі құрғақ болады. Бірақ ол аймақтың байлығы-тау өзендерінің мол суы. Республиканың солтүстік аудандарында астық пен көкөністер жақсы өседі. Мұнда жауын-шашын мол, жазы да ыстық емес. Қазақстанда ауыр индустрия мен ауыл шаруашылығы бірдей жақсы дамыған. Республикамыз мәдениеті мен ғылымы қатар өркендеген өркениетті елдердің қатарына қосылуға ұмтылып келеді.
Үй жануарлары:мысық,ит,тауық,үй қояны,сиыр,қой жəне т.б.
Аңдар:қасқыр,түлкі,қоян,аю,жолбарыс,қолтырауын,тиын жəне т.б.
Құстар:бозтоғай,қарлығаш,көгершін,тотықұс,торғай,сауысқан,қарүа жəне т.б.
Жəндік:көбелек,өрмекші,қоңыз,шыбын,құмырсқа,ара,шегіртке және т.б.
Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
Метафораны сөз өнері (поэтика, риторика), эстетика, логика, философия, тіл (стилистика, лексикология, психолингвистика) ғылымдары зерттейді. “Метафора табиғатында жұмбақтылық бар” (Аристотель). Сөз өнерінде метафораның символикалық, эмоционалдық ерекше мәні бар. Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі” деген Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, т.б.