8)С
9)С
10)Е
11)D
12)B
13)A
14)D
15)D
Мен болашақта заңгер боламын деп үміттенемін.Мен мамандықты тандар алдында өте ұзақ ойландым.Заңгер қиын жұмыстардың және маңызды жұмыстардың қатарында.Ол кінәсіз адамды кінәлі емес екенің растайды,керісінше кінәлі адамды жазалау керектігін көрсетеді.Бұндай қиын сәтте заңгер өзінің ойын ақылға салуы керек және өз білімін көрсетуі керек.
Су тіршілік көзі. Ауа адам өміріне қандай қажет болса судың қажеттігі де одан кем емес. Кез келген тіршілік иесіне су қажет. Сусыз өмір, тіршілік жоқ. Сондықтан біз суды барынша ластанудан қорғауымыз қажет. Судың да сұрауы бар. Суды ластамау үшін ашық су көздеріне қоқыс тастамау керек. Кез келген жерге суға түспей, арнайы суға түсетін орындарда түсу керек. Арнайы су жүйесі қызметкерлері суды қадағалап отыруы қажет және зарарсыздандырып тұруға тиіс. Су жүретін құбырлар тазартылып тұруы керек.
Өзгелік етіс
Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі яғни субъектінің өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелінетінін білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалады.
Ол жұрнақтар: 1) -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, отыр-ғыз, жүр-гіз, айт-қыз, жет-кіз; 2) -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, сал-дыр, сен-дір, ас-тыр, тік-тір, кет-ір, ас-ыр; 3) -т; жаса-т, сөйле-т т. б. Демек, өзгелік етісті сөйлемде кимылды, іс-әрекетті іске асырушы екі субъект болады: бірі — сол кимылды орындатушы, екіншісі — қимылды тікелей орындаушы, бұл ғылым тілінде агенс деп аталады. Мысалы: Ол баласына өлең айтқызды.
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.