- Сәлеметсіз бе, Алма!
- Қайырлы күн, Перизат! Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын!
- Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
- Айтқаныңыз келсін! Бүгін не істейсіздер?
- Отбасымызбен алаңға шығып, мерекелік іс шараны көреміз. Балалар алтыбақан тебеді. Киіз үйлерге кіріп, наурыз көже, шелпек пен бауырсақтан татып көреміз. Өздеріңіз ше?
- Біз бүгін үйде наурыз көже дайындаймыз. Кешкісін біздің үйге соғыңыздар, дастарқан жайып, мерекені бірге тойлайық?
- Көп рахмет. Әрине, келеміз.
Мұз айдыны. Мен мұз айдынына барғанды ұнатамын. Коньки тебуді ағам үйретті. Қазір мен өте жақсы хоккей ойнаймын. Сыныптастар арасында тіпті командамыз бар.
Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды. Жолдың неғұрлым ұзақ үзігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті.
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Тарихи жолдың жібек саудасына байланысты "Жібек жолы" атанғаны түсінікті. "Ұлы" сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан "Ұлы Жібек жолы" болып тарихқа енді.
Табиғат-тіршілік көзі. Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Адамдар табиғатты аялап, күту керек. Онда барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Адам да табиғаттың бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты сақтай алмасақ-өзімізді де сақтай алмағанымызды білдіреді.