Құстар — біздің досымыз Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құс – біздің досымыз. Маған үнемі анам құстарға қамқорлық жасап, қорғап жүр деп айтады. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені ерекше. Олар өте әдемі. Кейбір құстар далаға салқын түскенде жылы жаққа ұшып кетеді. Күн жылығанда қайта ұшып келеді. Құстардың кейбірі адамға...
Жаңбыр туралы шағын шығарма
Шіркін, табиғат көптеген тылсым құбылыстарға толы ғой...! Соның бірі - жаңбыр. Ата - бабаларымыз қашанда жаңбырды «нұр» деп есептеген. «Жаңбыр жаумаса, жер жетім», «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер», «Жаңбыр жауса, жер ырысы» деген мақал – мәтелдер соған дәлел бола алады.
Өз басым жаңбыр жауған күнді өте қатты ұнатамын, әсіресе жаздыгүні жайлауда жауған ақ жауынға ешнәрсе тең келмес. Ол көңіліңді көтеріп, жаныңа үміт ұялатып, жылы сезімге бөлейді. Өзің де ыстықтан бір демалып, сергіп қаласың, ал жаңбырдан соң таза ауаның иісі не деген керемет! Дегенмен, «табиғатта жаман ауа райы болмайды» демекші, жаңбырдың да түр – түрі болады. Көктем мен күзде көбінесе аспанды бұлт торлап, айналаны түнек басып, жаңбырдың салқын тамшылары жерге тарсылдап түскен кезде көңіл – күйіңді де бұлт басқандай болады. Бірақ, қандай болмасын, шелектеп жауған жауынның өз пайдасы бар, бұндай жауын жерге нәр беріп, жан – жануарлар мен құстарға да өз пайдасын тигізеді. Ал жаңбырдан соң болатын кемпірқосақ ол мүлдем ерекше дүние. Бейне бір сиқырға толы құбылыс қой. Күлімдеген күннің көзін көмкерген бұлттардан кейін шығатын бұл ерекше «сиқырлы құбылысты» бақылағанның өзі бір ғанибет деп білемін!
Точный перевод сказать не могу, но именно перевод слов знаю, может как то корекктируй
1) толстый
2) голос
3) чтобы
4) придумать
5)слова
6) начинающие
7) лето
Какаяя
слова я не понилаа