СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ.
Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес.
Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады.
Жер бетінің тек 1/3-ін құрлық, ал 2/3-ін су алып жатыр. Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады.
Біреулер қап-қатты мұз да, газдай жеп-жеңіл бу да су болғаны ма деп таң қалады . Бұл — судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді.
Судың көптеген заттарды оңай ерітетін және бір маңызды қасиеті бар. Әрине, біз қанттың — шайда, ас тұзының сорпада қалай еритінін көріп жүрміз. Сонымен қатар су жердегі алуан түрлі тұздар мен басқа да көптеген қатты денелерді, газдарды еріте алады.
Табиғатта қоспасы жоқ, тап-таза су дегенді таппаймыз. Таза суды тек лабораториялардан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организмге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан.
Жер шарындағы судың жалпы мөлшері өзгермейді. Теңіздер мен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайтадан суға айналады.
Алайда ішуге жарамды таза су Жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Ал біз су құнды байлығымыз екенін ұмытпауымыз керек.
Бұл суреттің табиғатқа қатысы бар.Себебі бұл жерде таулар жайлаудар бейнеленген.
Біздің Қазақстанның табиғаты бай. Әр алуан жерінің табиғаты әркелкі. Бір жері тауға бай болса,ендігі бір жерінде ормандар көп. Туристтер көп келетін жер бұл Бурабай курорты. Маған бұл жер өте ұнайды. Әлемнің барлық байлығы осы жерде жиналды десе де болады. Бұл жерді көрген де,көрмеген де арманда. Табиғат денсаулық кепілі. Себебі әр адамға таза ауа қажет.
Турардын сабакка селкос екенин ангарды
тактадагы А,а деген белгилерди балалар кошируге тиис
турардын даптеринде создер жазулы акен
кайталау -билимнин анасы деген бар
козинин алак -жулагы жок,оте сабырлы
Жолбарыс:сүтқореқтілер класының мысықтар тұқымдасына жататын ірі жыртқыш аң.Қазіргі кезде Ресейдің Қиыр шығысында,Үндістан түбегінді,Қытайда,Ява,Суматра аралдарында ғана кездеседі.20-ғасырда 50-жылдарына дейін Тұран жолбарысы Қазақстанда Сырдаряның төменгі ағысында қалың қамысты,тоғайларды мекендеген ;осы оңірде соңғы жолбарыс 1993,ал Балқаш жағалауында 1948 жылы атылған.