Менің атам -жылқышы. Әжем екеуі күн жылыса жайлауға көшеді. Жайлауға көшіп келудің өзі бір үлкен мереке. Киіз үй тігуге жайлаудағылардың бәрі кеп көмектеседі. Көршілер мал сойып, аналарымыз самауыр қайнатып,мол дастарқан басында саумал қымызды сапырып, сусындарын қандырып отырып, әңгіме-дүкен құрады. Кең жайлауды еркін жайлағанға жылқылар да кісінесіп қуанғандай. Жазғы демалыста мен де азын-аулақ қой бағып,атама қолқабыс беремін. Әіресе атқа мінгенді ұнатамын.Жақын маңда күркіреп өзен ағып жатыр.Таудан басталып ағатын бұл өзеннің суы мұздай болады. Жайлаудың табиғаты тамаша. Көлде аққулар қалқып жүзіп жүреді. Балалар жиналып асық ойнаймыз,кейде гүл теруге шығамыз. Кешке киіз үйдің ішінде ұйықтағанға не жетсін.
Нан қасиетті тағам. Нан тіршілік көрегі. Нан күннен нәр алады.Адамның өмірін күндей жарқыратады.Сондықтан ,,нан бар жерде ,ән бар ,,-дейді.
Нан барлық дәмнен тәтті, ол бәрінен қажетті.Адам наннан жалығу мүмкін емес,Нансыз өмір сүру мүмкін емес.
Қай халықта қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс—тәсілдері қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздық мен шығармашылықты талап етеді. Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек». Иә, Мағжан атамыз айтқан даналық ой бүгінгі күні білімді ұрпақ керек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі -жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс.
Әдептілік - әдемілік
Халқымыз "Әдепті бала - арлы бала" деп бекер айтпаған. Әдептілік - қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Игі әдеттен әдет - ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады. Қазақ халқы қашан да үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсеткен халық. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті болуға тәрбиелейді. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өсейік!
Не истеу керек жазылып турган жок