құрылғыларынсыз,тұрғындардың,қуат,көзінің,сұраным,көмір,отынның
Ұшқан құстың қанаты талып, шығыстан шыққан күн батысына әрең жететін кең жазиралы даланы мекен еткен «қазақ» деген іргелі елміз. Ғасырлар бойы бағы мен соры кезектесе отырып, досқа ақ пейілін, қасқа найзасын дауға қылышын сілтеген, тағдыры қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, қыл үстінде тұрса да «құт дарып, қыдыр қонған » туған елді көздің қарашығындай сақтай білген елміз. «Ерлік–ұрпаққа ұран, елге - мұра» деген дуалы ауыз бабалар өсиетін бойына дарыт-қан халқымыз азамат ұлдар тәрбиелеуге де зор көңіл бөлді. Бұған Абылайдан кейін қолымыздан сусып кеткен тәуелсіздіктің туын ұстап қалу үшін, халықтар достығын, татулықты, ынтымақтастықты күшейтетін елді бастар ер керек еді. Еңселі ел болу елін дауға, жерін жауға бермейтін білікті басшы керек еді. Сөз қадірін, ер қадірін білген Төле би бабамыз: «Басшысы болмаса ел жетім» - деген. Ғасырлар бойы күрестер мен жеткен тәуелсіздікті баянды ету – Нұрсұлтандай Елбасымыздың еншісіне тиді. Сөйтіп,1990 жылдың сәуірінде республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. «Қазіргі кезде дүние жүзінде ірі де өте ықпалды бес – алты саясаткер бар, олардың бірі – Назарбаев», - деген болатын Маргарет Тэтчер. Халықтың талап – тілегін ескере отырып, өз шешімімен дүние жүзі елдеріндегі атом қаруын сынайтын Семей, Капустин – Яр сияқты полигондарды жауып, бейбітшілікті сүйетін халқын алаңдатқан атом қаруын сынауға тосқауыл қойды. Елбасының негізгі мақсаты – ел бірлігін сақтау деп түсінемін. Оның әр сапарынан, әр кездесуінен осыны аңғаруға болады.Көп ұлтты Қазақ елі ынтымағы орнаған халықтар достығы еліне айналып отыр. Тарих дөңгелегі толассыз дөңгелеп, уақыт өз дегенін жасап жатыр. Елбасы сайланғалы жиырма жылдай уақыт өтті. Осы жылдар ішінде асқан төзімділікпен қыруар шаруа атқаруда. Ең әуелі өзге ұлт өкілдерімен Қазақ елі арасындағы саяси тұрақтылықты сақтай отырып, халықтың өз қазынасын өзіне қайтаруға тырысты. Тілі, ділі, салт - дәстүрі, әдет – ғұрпынан айырылудың аз алдындағы елге азғантай уақыттың ішінде асыл мұраларын қайтаруға күш салды. Қазақстанды Орта Азия барысына айналдыру үшін Елбасымыздың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы бұл күнде ұшса қанат талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті.Парасаты мен пайымы, білімі мен біліктілігі мол ел қамын жеген Президент Жолдауы болашаққа апарар үлкен жолдың бастауы. Бұл айтылмаған, еленбеген сала жоқ. Егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апаратын алтын сүрлеу. Еліміздің ертеңі – жастарға үлкен қолдау көрсетіп, шетелдерде білім алуына жағдай жасап «Болашақ» бағдарламасын ұсынуы шынайы қамқорлық деп білемін. Н.Ә.Назарбаев: «Жаңа Астана – тарихи оқиға. Бұл – елдің өз тәуелсіздігін алып, көк байрағын көтергенмен бірдей қуаныш» деген болатын. Астана күннен күнге құлпырып өзінің рухани келбетін жаңартып, көз тартар алып ғимараттарымен жыл сайын өркендеуде. Ауылымыздың ардагер ұстазы, ауданымызға танымал ақын Қ.Б.Бижанов 2009 жылы аудан ардагерлерімен бірге Астана қаласынада болып қайтты.Мектеп оқушыларымен кездесуінде Астанадан алған әсер және Елбасының Астанаға сіңірген еңбегі жайында ризашылықпен әңгімелеп берді. Көргендерін айтып жеткізе алмаған ағамыз « Астана-жұмақтың төрі » деген болатын.
<span>Дереккөзі: </span>https://www.zharar.com/kz/shygarma/509-astana.html
<span>© www.ZHARAR.com</span>
Про согласные
1) Ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з, һ
2) Үнді: й,л,м,н,ң,р,у
3) Қатаң: к,қ,п,с,т,ф,х,ч,ц,ш,щ
Алима,неге ол жерде тұрсың төмен түс!
Қош келдің ,бауырым,кел ішке кір,қысылма!
Мұғалімдер бөлмесіне бару үшін жоғары көтеріл.
Өмір - дүние дегенін ағып жатқан су екен.Ол адам өзінің əр уақытын үнемдеу керек екенін айтылған. Адам тек бір рет өмірге келеді. Ол тек бір рет қана өмір сүреді.Ол соны дұрыс пайдалануы қажет деп ойлаймын. Менің ойымша адам өмірге бір іс істеу үшін дүниеге келеді. Сен өзіңнің өнеріңді дамытудың керек. Өз жақын алаңдарының қадірін білуі қажет деп ойлаймын. Сондықтанда мен "Өмір - дүние дегенін ағып жатқан су екен" осындай мағынаны береді. Бұл тек менің ойым.Ол адам тек бір рет қана өмірге келеді сондықтан да ол соны түсінуі керек уақытын дұрыс пайдалануы қажет деп ойлаймын.