Тележүргізүші - өте қызықты және онай емес жұмыс. Тележүргізүші жаналықтармен мен ауа райын айтады. Тележүргізүші болу үшің журналист факультеттің бітіру қажет. Оның актерлік шеберлігі болу керек. Өз қателігін тез арада дұрыстау үшін. Тележүргізүші қызықты және жоғары жалақы алатын жұмыс.
Ерте ерте ертеде орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. Арыстан
ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:
- Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, - депті.
Арыстан оның сөзіне күліп:
- Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың,- деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»,- деп, жүгіріп ойнап кете беріпті.
Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.
Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап:
- Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:
- Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің. Міне сені бір ажалдан алып қалдым, - депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.
Армандардың орындалуына біздің үлкен үлесіміз бар.Армандарды орындау ушин алдымен оз алдына максат кою керек.Олардын орындалуына коп куш,шыдамдылық, талпыныс кажет.
"Білім" дегеніміз адамзат тіршілігінің барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибе: күнделікті тіршілікте, ғылымда, саясатта, ара қатынаста, өндірісте, қоршаған табиғи және қоғамдық қатынаста тануда т.б. Сол адамзат тіршілігін сақтап және оны алға қарай қорғап, дамытып отырудың қажетті заңдылығы - тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп, беріліп отыратындығы.
Өмірге келген жас бала, одан соң, жасөспірім, жастар тіршілік тәжірибесіннегізінен үш ортадан көріп, біліп, түйісініп, өзі қатынаса жүріп жинайды. Ол- отбасы, қоршапжатқан орта және арнайы білім жүйесі. Өсіпкеле жатқан жас адам осы үшеуінің арасынан бой көтеретін субъект. Үш орта өзара байланвсты болып, балаға жүйелі ықпал етуге мүмкін. Керсінше, әрқайсы өзінше әрекет етіп, тіпті бірінің ықпалы екіншісінікіне қайшы келуге де ықпал. Осы әр қилы ықпалдар мен әсерлерді өз бойына өткізетін оъект біреу. Ол - бала, жасөспірім, жас. Бала алдында ауапты іс тұрады: нені алу, нені алмау керек? Неден үйреніп, неден жирену қажет? Бұған ол қандай жауап табады, бұл баланың өмірге алғашқы қадамдарын басып қандай тәрбие алғанына,неге бағдарлағанына, ойлау қабілетіне байланысты.