Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек. Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті. Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!
Халықтың тілек ,бата сөздері жеткіншек жас ұрпақты сабырлы,əдепті,зерделі,арлы болып өсуге баулыйды.Болашақ иесі-ұрпағына амандық ,парасаттылық,ізеттілік,өжеттік,мейірім,өнер-білім,құт-береке,ұзақөмір,үлкен табыс тілеу ежелден адамзаттың асыл мұраты болса керек .Халықтың ежелден қонақжайлылық салты бойынша құрметті мейманға арналып қой немесе май сыйлайды қонақасы беріледі.Соғым малы қонаққа көрсетіледі.Себебі,ол малдың күйін ,дені сау екендігін көреді.Содан соң бата жасайды.Алғыс ,яки,бата сөзде уй иесінің сау- саламат болып бəле-жаладан аман болуын тілейді.
Ахмет Байтұрсынов былай дейді :"Бата-біруге алғыс ретінде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар береді." Сондай-ақ, шешен,ақын,зергерлер өздерінің қасиетті өнерін шәкірттеріне аманат етіп тапсырғанда ақ батасын береді.
Доп деп,
Дөп теп.
Электр шамы жанады,
Этаждар жымың қағады.
Электр жарық бермесе,
Экран сөніп қалады.
Алашаларды
Таба алса, алар.
Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.
Қапыда ит қапты,
Қатты қапты,
Қапты қатты.
Пышағы кесті, жайышты,
Шанышқысы шанышты.
Даланы қар жабар,
Қарға балалар аққала қалар.
Хан баласы ханзада
Болды ғашық ханшаға.
Алып ханнан хабар,
Ханшайымды табар.
Омартаға балалар барар,
Балаларды аралар талар.
Ғарышкер ұшты ғарышқа.
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы, ғарыш алыс па?
Дөң жатыр,
Дөнде тон-тоң көн, жатыр
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.
Ескекті ескекші еседі,
Ескекші ескекті еседі.
Әбдіреде әбігер әтеш отыр.
Әбігер әтеш отырған
Әбдірені әжем ашып жатыр.
Гүлім гүлге қарап күлімдеді,
Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.
Жаға жай,
Жағажайда – Қамажай.
Инелік илеуде иленбейді.
Итбалық итмұрынды иіскемейді.
Пай-пай-пай,
Жайылып жүр тай.
Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай.
Ащы жеген Тазша баланың аузы ашыды,
Тазша бала тұщы сумен -*аузын шайды.
Съезд, разъезд, подъезд.
Подъезд, съезд, разъезд.
Жаттап ал тез.
Ықылас пен Ыбырай
Ыдыстарын тасымай,
Ырыскүлден үлгі алмай,
Ынтасыз жүр тілді алмай.
Зура зурнада ойнайды,
Зурнада бір ғана Зура ойнайды деме,
Зара да, Зере де зурнада ойнайды.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
Іске тіл ілесе алады,
Тілге іс ілесе алмайды.
Сұрап Мұрат
Коньки тап.
Байлап майлап,
Аттай шап.
Ян-ян-ян
Жүгіріп жүр қоян.
Ян-ян-ян
Бұл қоян емес, шаян!
Шын еңбекшіл - өрмекші,
Өрмекші - шын өрнекші.
Класта ақ бор бар,
Көк бор бар,
Көп бор бар.
Тақпақ жатта,
Жатқа жатта.
Үйде неше шал отыр?
Көсе шал отыр.
Тақиясы шошайып
Шоқша сақалды шақша бас шал отыр.
Сатып алды чемпион чемодан.
Чемодан алған чемпион чек алған.
Шынтемір
Шықпен шыланған шөпке
Шыңдалған шалғысын
шық еткізді.
Ізшілер іздесті,
Түз кезді, із кесті.
Ошақта от жоқ,
Шоқ тап, от жақ.
Таяқ жон,
Жонсаң жөн жон.
Қанат қанағаттанарлық баға алды,
Қанағат канағаттанарлықсыз баға алды.
Бірқатар қада қада,
Қадаларды қатар-қатар қада.
Екеуінін жасы шамалас,
Бірінің шашы - қарашаш,
Бірінің шашы - ақ шаш аралас.
Талғат балға тап,
Оншақты жаңғақ шақ,
Шақсаң, сақ шақ.
Циркте ойнар аюды
Циркаш десем, күлесің.
"Ц” әрпінен басталған
Цемент сөзін білесің.
Түрің түрленіп, кідірмей оқы,
Тілің күрмеліп, мүдірмей оқы.
Бұл, бұл - піл,
Бұл бір ірі піл.
Қыста құлағым үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.
Шешей отты көсеумен көседі
Көсеумен кесек-кесек тезек төседі.
Доп теп,
Тек,
Дөптен кеп теп.
Киген тоны -
Онды тон,
Өнді тон.
Қызым жүзім же,
Жүзім үзіп же.
Тұз - мұздай,
Мұз - тұздай.
Бұл бір жылтыр шылбыр екен,
Кіл қылдан ескен қылшылбыр екен.
Тері шалбар бар,
Тері шалбар киетін шалдар бар
Үйген жүгерілері,
Түгел ірі жүгері.
Омартаға балалар барар,
Балаларды аралар талар.
Бар, май шайқа,
Байқа, жай шайқа.
Құрақ құрап көрпе көктеді,
Қырық құрақ көрпе көктеді.
Көктемде шөп өнер жер
Мал келер, мал ерер жер.
Шаншар шаршап жатыр,
Қайсар жайша жатыр.
Ерді ел елер,
Ер елге еркелер.
Тайғанақта қай тай тайды,
Тағалатпаған тай тайды.
Қанар қаптарды қаптап артар,
Шанақ арбаны аттар тартар.
Тары ақта,
Тары ақтап,
Қапқа қапта.
Қаһарлы айдаһар
Шаһарға келіп,
Қаһарланар.
Көпке бекер өкпелеме,
Өкпе етпе,
Тектен - текке өкпелетпе.
Бір қыз кесте тікті,
Кестесін түсте тікті,
Кеште тікті.
Қайрат қайрақ қайрап отыр,
Дайрақпен балта қайрап отыр.
Тұрыс бұрышқа тұр,
Бұрышта дұрыс ұрыспай тұр
Жапалақтап қаптап ақ қар жауды,
Алқапты аппақ ақ қар жапты.
Менің әжем бар.Әжем мейірімді ,өте жақсы адам Менің әжем менің ақылшым ,қамқоршым. Әжем үлкенді сыйлауға , құрметтеуге байланысты ақылын айтып береді Әжем көп ертегілер біледі,ол маған күнде ертегі айтып береді.Ол мені еркелетеді.Мен әжемді жақсы көремін .