Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.
Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
<span>балалық шағымда біз отбасымен бірге тауға бардық. Бұл қыста болды. Әкем мені қыдырту үшін шана алды. Мен шананы өте жақсы көрдім. Біз тауларда, орманда қыдырдық және көп қарлы таулрды көрдік. Әкем осы таулардан шанамен сырғанап түсуге ұсыныс берді. Олар өте биік болды. Біз тауға 5 минут көтерілдік. Біз жоғарыға көтерілген кезде, әкем мені шанаға отырғызды. Мен өте қорықтым, бірақ әкем әрдайым менің қасымда. Ол менің қасына келіп, картонға отырды да біз бірге сырғанап түстік. Мен айқаладым, бірақ сосын қорқыныш кетіп, мен күле бастадым, қайтадан сырғанауды өтіндім. Өте көңілді болды. Менің анам осындай осындай оқиғаларды және ойындарды ұнатпайды. Ол біздің сырғанап түскенімізді тамашалады. Барлығымыз өте риза болдық</span>
Уық қазақтың киіз үйіне қатысатын ең маңызды тірегі