Достық
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді
Менің білуімше, біздің әлеміміз жаһандану үрдісін басынан кешіріп жатыр. Жаһандану - алмасу, технологиялық жаңалықтар және Интернеттің қосындысынан пайда болған. Алайда, ғалымдардың айтуынша, бұл үрдіс нәтижесінде түрлі елдер мен халықтар өз тілдері мен дәстүрлерін ұмытып, басқа мекеннің құндылықтарына ауады. Сонда, кіші мелекеттер мен этно топтар өз тілін үлкен, алып "ағылшын" сынды тілдерден қорғау үшін не істеу қажет? Әрине, өз құндылықтарын сақтауға тырысып, салт-дәстүрлерін жаңа ұрпаққа тарату қажет.
Ал саяхатшылар мәселесіне келетін болсақ, олар өзге елден келген қонақтар. Біздің міндетіміз - оларға еліміздің бар әдемілігін көрсету. Бірақ, оларда да біршама міндеттемелер бар. Мысалы, егер Араб Әмірліктерінде ашық-шашық киінуге тиым салынса, бұл заңды қаралауға болмайды. Әйтпесе, тәртіп сақшылар сізге айыппұл төлеткізуі мүмкін. Келесі міндеттеме - қонақ болып келген елдің салт-дәстүрін құрметтеуге міндетті. Бір топ ағайын ән салып тұрса, оларға безеріп қарап, жамандауға саяхатшылардың моральді құқығы жоқ деп ойлаймын. Ал енді соңғы міндеттеме - елдің салт-дәстүрін сақтау. Бұл негізі саяхатшының өзіне де біршама пайдалы болады. Өзге елдің салтын білгеннен, ешкімнің миы толысып кеткен жоқ деп ойлаймын. Сол себептен, Қазақстанға келген саяхатшылар біздің тарихты, өнерді және сал-дәстүрлерімізді білу қажет.
Еңбек ардагері деп соғыста тыл жұмыс істеген,еңбек еткен адамды айтады.Соғыс кезінде жұмыс істеп , халқы үшін тайсалмағандарға арнайы атақ беріп, медаль табыстаған болатын. Еңбек ардагері елі үшін соғысқа аттанып, өзінің жанынан гөрі халқының егемендігін қалаған қаһармандардың бірі. Соғыста еңбек етіп , барын аямаған , бар күшімен жұмыс істеген еңбек ардагерлері қазір де сый құрметке ие. Біз оларды қолымыздан келгенше сыйлап, құрмет көрсетуіміз керек. Өйткені олар осыған лайық, қазіргі заманғы ұрпақтардың осылай өмір сүруі солардың арқасы. Біз қаһармандарымыз бен еңбек ардагерлерімізге шексіз ризашылығымызды айтып, осы күнді сыйлағаны үшін алғыс білдіруіміз керек. Олардың аты мәңгілік өшпейді, біз оларды мақтан тұтамыз!!!!!!!
Это слова придумали в словаре его нет проста какие то люди из слов сделали и все
Атау с ит
ілік с иттің
барыс с итке
табыс с итті
жатыс с итте
шығыс с иттен
көмектес с итпен