Ответ:
Менің үйім туралы.
Біз қаламыздың орталығында төрт бөлмелі пәтерде тұрамыз. Үйіміз тоғыз қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан. Үйіміздің бөлмелері кең, жарық, сонымен қатар әрқайсысы бөлек – бөлек орналасқан. Қарындасым екеуміздің әрқайсымызда өз жатын бөлмелеріміз бар. Бөлмемізде өзімізге қажетті жиһаздың бәрі де бар: жататын төсек, киім мен ойыншық жинайтын шкафтар, кітап қоятын сөрелер мен сабақ оқитын үстел мен орындық.
Жақында ата – анам үйге жөндеу жұмыстарын жасап, ас үй мен қонақ бөлмесін біріктірген болатын. Барлығымыздың ойымызша бұл өте ыңғайлы, әрі қонақ бөлмесі де кеңейіп қалды.
Үйіміздің ауласы да өте керемет – үлкен кісілер демалып, көлеңкеде отыратын ыңғайлы орындықтар, кішкене балалар ойнайтын ойын алаңы да бар. Бұл алаңда кешкісн көрші балалар бәріміз жиналып, түрлі ойындар ойнағанды ұнатамыз. Ауланы осы таза қалпында ұстап тұру үшін көктем келісімен көршілер бірігіп, есік алдында сенбілік өткіземіз, себебі ауламыздың тазалығы өзімізге жақсы.
Үйдің орналасқан жері де өте ыңғайлы, қаланың орталығы болғандықтан кез – келген бағытқа қоғамдық транспорт жүреді. Үйіміздің дәл жанында ірі сауда орталығы, аурухана, мектеп, кітапхана, түрлі банктер мен кішігірім дүкендер орналасқан. Мектеп жақын болғандықтан мектепке он минут ішінде жаяу барамын.
1.Тасбақа ең баяу жануарлардың бірі
2.Саңырауқұлақ пайдалы болып келеді.
3.Түйеқұс ең жылдам құс
Актобе қаласында ауа райы жылы бірақ желді. Əрі дымқыл болады
Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте қазіргі Шығыс Қазақстан облысының (бұрынғы Семей облысы) Шыңғыстау бөктеріндегі Қасқабұлақ деген елді мекенде дүниеге келді. Мұхтар туылғанда, Абай елу екі жаста, есімі елге кеңінен тараған атақты ақын еді. М.Әуезов Абайды өз көзімен көреді. Жастайынан Абай өлеңдерін жаттап, ауылдағы ескі құлақ қариялардан аңыз-ертегілерді, жыр-дастандарды жалықпай тыңдап, Абай мектебінен осылайша тағлым алады; ұлы Абай поэзиясының асыл қасиеттері жас Мұхтардың жүрек түкпіріне сөз өнерінің ұрығын терең сеуіп, келешекте шешек атып гүлдеуіне негіз жасайды.Жас Мұхтар Семей қаласындағы медреседе, бес кластық орыс мектебінде, оқытушылар семинариясында (1914-1919) білім алады. Бұл кез Семей қаласының қазақ даласындағы рүхани-саяси орталықтардың біріне айнала бастаған уақыты болатын. Осындағы оқыған қазақ жастарымен, әсіресе ұлт азаттығын мақсат тұтқан алашордашылармен қоян-қолтық араласудың барысында семинарист Мұхтардың ұлттық сана-сезімі жетіліп, біржола халықтық, ұлттық жолға түседі. М. Әуезов осы жылдарда қалыптасқан ұлттық-халықтық бағыттағы азаматтық бет-бағдары үшін өмір бойы (әсіресе 30,50-ші жылдары) кеңес өкіметі тарапынан қуғынға ұшырап, әупірім-тәңіріммен аман қалып отырды.М. Әуезов оқуын бітірісімен бұрқ-сарқ қайнап жатқан қоғамдық өмірге белсене араласып кетеді: Семей губерниялық атқару комитетінде председательдің орынбасары, соңынан төрағасы болып, Орынборда КАЗЦИК-тің орталық аппаратында істейді. Ленинград университеті қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөлімін (1923-1928), Ташкенттегі Орта Азия университеті түркітану бөлімінің аспирантурасын (1928-1931) бітірген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында (1932-1933), С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (1934-1955), М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде (1954) оқытушылық, КСРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалының Тіл-әдебиет және тарих институтының әдебиет секторында аға ғылыми қызметкер (1943-1945), Қазақ әдебиеті секторының меңгерушісі (1946-1956), Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институты халық творчествосы бөлімінің меңгерушісі (1957-1961) қызметтерін атқарады.Жазушының мәдениет, әдебиет мәселелеріне араласып, баспасөз бетінде мақалалар жаза бастауы аласапыран кезең – Қазан төңкерісіне тұспа-тұс келді. Бұл алдыңғы қатарлы қазақ зиялыларын отаршылдық езгіде есеңгіреген елдің ертеңі ойландыра бастаған уақыт болатын.
Алғашқыда Оспан ишанның мешітінен дәріс алып, араб тілін үйренеді.1918 жылы Електегі екі кластық орыс-қазақ училищесін бітірген.Темір-Орқаш болысының әуелі хатшысы, кейін төрағасы болады.1920 жылы Орынбор қаласындағы “Хусайния” медресесін бітіреді. Араб, парсы, орыс, латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгереді.1920 жылы “Ай” атты журнал ұйымдастырып, оның бетінде М.Горькийдің “Сұңқар туралы жыр”, “Дауылпаз туралы жыр”, “Хан мен ұлы”, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударып жариялаған. Ақындық, жазушылық өнерімен де танылып, өлең, пьеса, т.б. жазған. Мысалы, “Мақпал – Сегіз” дастанының желісі бойынша Жұбанов Тілепбергеновпен бірігіп жазған пьесасы Ақтөбедегі кеңес-партия мектебінің, педагог техникум оқушыларының қатысуымен сахнаға шығарылып, қала жұртшылығына көрсетіледі. “Ай” деген өлеңі жоғарыда аталған журналдың беташары ретінде жарияланды. Көпшілік көкейіне тез қонатын сықақ, фельетондары сахнада, сауық кештерінде айтылып жүрсе, кейбіреулері “Еңбекші Қазақта” жарияланған. 1925 жылы Жұбановтың режиссерлігімен Ақтөбе қаласында М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” пьесасы қойылады.1920 – 22 жылдары ауылда мұғалім1922 – 24 жылдары Темір уездік оқу-ағарту бөлімінде басшы.1924 – 29 жылдары Ақтөбе губерниясы оқу-ағарту бөлімінде басшы қызметтер атқарды, сонымен бір мезгілде Ақтөбе педагогикалық техникумындасабақ берді. Қызметтен қолы бос уақытта өз бетімен білімін толықтырған.Түркі тілдес республикалардың жаңа әліпбиге көшуіне арналып, 1925 жылы Мәскеуде өткізілген кеңеске қатысып, онда сөз сөйледі. Жаңа әліпбиді енгізу мәселелерімен айналысқан Әзірбайжан ғалымы Ағамалы оғлымен жиі хат жазысып тұрды. 1927 жылдан бастап Жұбанов Санкт-Петербургтегі орыс ғалымдарымен байланыс жасады. Түркі тілдерін зерттеуші академик А.Н. Самойлович, шығыстанушы В.В. Бартольд, тілші ғалым А.В. Щерба, т.б. еңбектерін алдырып оқыды.1928 жылы Санкт-Петербургтегі Шығыс тілдері институтының (Шығыстану институты) толық курсын бітірді.1929 жылы осы институттың академигі Самойлович басқаратын “түркітану семинарийіне” оқуға түсті.1930 жылы КСРО Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының аспиранты болды. Н.Я. Марр, И.И. Мещанинов, А.В. Богородицкий, т.б. белгілі тілші ғалымдардан дәріс алды.1932 – 37 жылдары ҚазПИ-де (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті) профессор, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды.