Сынып жетекшіміз сынып оқушыларын кітапханаға саяхатқа алып барды. Кітапханадағы апай бізді жылы жүзбен қарсы алды. Мұнда кітаптар өте көп екен. Қиял-ғажайыпқа толы ертегі кітаптар, қызықты әңгімелері мен суреттері көп әртүрлі журналдар бар. Кітапханашы апай бізді кітап көрмелерімен таныстырды. Әсіресе Президентіміз Нұрсұлтан ата туралы көрмеге көп тоқталды. Қазақстан туралы кітап көрмесі өте қызықты болды. Біз кітапханадан қызықты мағлұматтар алдық. Кітапханаға жиі келіп, қызықты кітаптарды оқып тұруға келісіп, әсерлі көңіл-күймен үйге тарастық.
Мен анаммен дүкенде жүрмін. Іші толған əдемі заттар. Бірақ қымбат екен. Жана жылған тəтті шоколадтарды жылтырақ пакеттерге орап сөрелерге қойыпты. Көздің жауын алатын бұл заттар дүкеннің сəнін кіргізіп тұр. Сатушы кісі де сұлу екен. Біз дүкеннен ақшамыз жеткенше тəтті тоқаштар, қышқыл лимондар, дəмі тіл үйіретін шоколадтар жəне табиғи сусындарды алып үйімізге қайттық
Зәулім үй қаланың шетінен шалғай жерде салынып жатыр .
Дүкен саябақтан қашық жерде орналасқан.
Ескерткішкерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, ескі мұраларды сақтап, жинақтап, өзгелерге таныстыратын мекеме мұражай деп аталады. Мұражай заттық және рухани жәдігерлерді танытуда, зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда маңызды рөл атқарады. Мұражай негізгі бағыты жағынан: тарихи мұражайлар, көркемөнер мұражайы, жаратылыстану мұражайы, техникалық мұражайлар, кешенді мұражайлар, мемориалдық мұражайлар болып бөлінеді. Мұражайларда жәдігерлерді жинау, есепке алу, сақтау,қайта қалпына келтіру, зерттеу нәтижелерін тарату бағытында қыруар еңбектер атқарылады.<span> Қазақстанда Мемлекеттік мұражайы, Ә. Қастеев атындағы республикалық өнер мұражайы, Президенттік мәдени орталық, Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы, Ұлттық валюта мұражайы, Кітап мұражайы, Ықылас атындағы республикалық халық саз аспаптар мұражайы, «Әуезов үйі» ғылыми орталық мұражайы және тағы басқа мұражалайлар жұмыс атқарады.</span>