Әр шаңырақ мүшесі биіктерді бағындыра білуі керек .себебі қазақ күй мен әнді жете тусіне білген халық,домбырамен даланы тербеткен халық.Мысалға:аға-әпкелеріміз, жұлдыздарымыз байқауларға қатысып біздің халқымыздың даңқын шығаруда.Сол секілді біз де ерінбей өнерге жақын болайық.Өнерлі өрге жүзеді.
Бәйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бәйге өзбектерде “пайга”, қырғыздарда “чабыш” деп аталады. Кейбір деректер бойынша, 15 ғ-дың 70-жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрғанда, Шу өзенінің жағасында, Тұлпарсаз деген жерде бәйге ұйымдастырған. Осы кезден бастап Бәйге қазақ халқының алқалы жиындарының (тойлардың, астардың, т.б.) ажырамас құрамдас бөлігіне айналған (қ. Сауын айту).
Бұрын бәйгеге қосылған аттар түстік, күндік жерге, ұзақ қашықтықтарға шабатын (қ. Аламан бәйге). 1957 жылы Қазақстанда қабылданған ереже бойынша құнан бәйге 1200, 1500, 1600, 1800, 2000 м, дөнен бәйге 2400, 3000, 3200, 4000, 4800 м, ат бәйгесі 5000, 8000, 10000 м қашықтықтарда өткізіледі. Көбінесе, қашықтық төрешілер алқасының шешімі бойынша бәйгеалаң (ипподром) айналымының ұзындығына байланысты белгіленеді. Бәйгеге мал дәрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа қатысушылардың кеудесіне және арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді. Аттың ер-тұрманында, шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс. Бәйгеге қатысушы атын оздыру үшін өзі білетін, ережеде рұқсат етілген тәсілдердің бәрін қолдануына болады. Ал қатарласып келе жатқан атқа қамшысын тигізуге немесе қамшысын үйіріп басқа аттарды жасқауға, айқайлауға, ысқыруға, жарыс жолынан шығып кетуге, оның айналмаларынан төтелеп өтуге болмайды. 1-ші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі. Қазақ халқы Бәйге аттарын ерекше күтімге алған. Құлагер, Ақбақай, Маңмаңгер сияқты сәйгүліктерді ән-жырға қосқан. Топтан озған тұлпарлар туралы халқымыздың ауыз әдебиетінде, эпостық жырларында, мақал-мәтелдерінде көп айтылады.<span>[1]</span>
---Ұлы Жібек жолы дегеніміз не ?
---Ұлы Жібек жолы -Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы.
----Ұлы Жібек жолы қай жерден бастау алған ?
--Ұлы Жібек жолы Қытай жерінен бастау алған. .Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті.
---Жібек жолына ,,,Ұлы ,,сөзі не үшін қосылған ?
---,,Ұлы,, сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ шығыс өлкелерінен батыс өлкелеріне дейін созылып оларды байланыстырып жатуынан.
--Сен Ұлы Жібек жолы туралы не білесің?
---Ұлы Жібек жолы үлкен ағашқа ұқсайды.себебі оның көптеген бағыттары болған.Осылайша сауда айналымы көптеген қалаларды қамтыды.
---Ұлы Жібек жолы сауда магистралі ретінде қашан пайда болды ?
Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті.
Менің отбасым
1. Менің отбасымда бес адам бар.
2. Олар - әкем, анам, ағам, інім, екі қарындасым және мен.
3. Әкемнің аты - Виктор, анамның аты- Анна, ағамның аты- Павел, екі қарындасымның аттары - Света және Луйза.
4. Әкем - 45 жаста, ол -инженер, анам - 40 жаста, ол - дәрігер, ағам - 25 жаста, ол - геолог, ал, екі қарындасым - егіз, олар - 8 жаста, 3-сыныпта оқиды.
5. Менің атым - Сергей, мен 11 жастамын, 6-сыныпта оқимын.
6. Біз өте бақытты отбасымыз.
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Орыс тілі өзінің даласындай бай. Орыс сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Орыс тілі қасиетті Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі
<span />