Жауабы-Осыдан былай табиғатқа тіл тигізбеймін. Табиғаттағы барлық нәрсе өз өз орнында. Егер өріктің орнында асқабақ болса, мен тірі қалмайтын едім.
Неге екен?Шынында да табиғатта үлкен тепе-теңдік бар. Әрқайсысының өз орны бар. Әрбір нәрсе өте керемет жасалған.Және бұл табиғат заңына бағындырылған.
Бұл тіршілік иесін кейбіреу «қасиетті» деп, ұйықтап жатқан жылы орнынан қозғалтпайды. Себебі, қазақта: «Пайғамбарымыздың өзі етегінде ұйықтап қалған мысықты оятпай, шапанының етегін ойып тастап кеткен екен» деген аңыз бар. Сондай-ақ, олардың адамға берер емдік қасиеттері бар. Егер адамның бір жері ауыратын болса, сол ауырған орынға мысықты жатқыза қойса, ауру сап тыйылады екен. Ал оларға аяусыздықпен қараған адам оның қарғысына ұшырап, оңбайтыны да рас деген сенім қалыптасқан. Осы үй жануарын кейбіреудің көтеріп алып лақтырып жіберетін әдеттерін жиі көріп жатамыз. Бірақ мысықтар қалай құласа да жерге төрт аяғымен тік түседі. Дегенмен оларға осы бір ғажап «өнерді» кім үйретті деп ойлайсыз? Дәл осы сұрақ американың біраз ғалымдарын қызықтырып, оның жауабын табуға күш жұмсаған, зерттеп те көрген. Олар мысықты биік үйдің 32 - қабатынан лақтырып жібергенде төрт аяғымен, аман-сау түскен. «Акробат» мысықтардың құпияларын ашатын болсақ, олардың адамнан да мықты болып шығатынына көзіміз жетеді екен. Өйткені, егер бір адам 32-қабаттан құлайтын болса, оның жерге аман-есен түсері екіталай. Мұндай биіктен аман қалу үшін ол адамға қайткенде көмекші құрал қажет. Ал, мысық жерге құлағанда өз-өздерінің салмақ тепе-теңдігін сақтап, тіпті кейде олардың тартылыс күші заңдарын, инерция, тепе-теңдік, бұрыштар ережесін қолдануы олардың табиғи болмысына тән қасиет. Оларға ешкім физика заңын оқытқан жоқ. Ал, физика заңын адам кітаптан оқып білсе де, оны дәл мысықтарша денелей жүзеге асыра алмайды. Әрине, ондай қабілетке жету үшін адам ұзақ уақыт бойғы жаттығудан өтуі қажет.
Нью-Йорктың мал дәрігерлері жүргізген зерттеу жұмыстарындағы деректерге қарағанда, мысық неғұрлым жоғары биіктіктен құласа, соғұрлым қауіп-қатерсіз жерге түсу мүмкіндігі мол көрінеді. Аласа жерден құлағанда өзін аман сақтап қалу мүмкіндігі азаяды екен. Мұның сыры неде десек, олар биіктіктен құлай салысымен қай уақытта, жердің қай нүктесіне барып құлайтынын алдын ала шамамен мөлшерлеп үлгереді. Сондай-ақ шалқасынан құлап келе жатқан мысық, ең алдымен кеудесінің жартысын жерге қарай бұрып, жотасын бүкірейтіңкіреп барып, құйрығымен ауаны қармай тұру арқылы артқы аяқтарын да еппен икемдеп алады. Ол мұнымен физика ғылымында ашылған дененің ауада жүзу, ауадағы тепе-теңдікті сақтау ережелерін бұлжытпай орындайтындығын көреміз. Бұл кезде мысық өз салмағымен қатты жалдамдықпен құлап келе жатады. Енді ол құлау жылдамдығын азайту үшін төрт аяғын төрт жаққа жаю арқылы ауада кедергі туғыза алады. Бұндай пішін оның жерге ақырын келіп, аз салмақпен түсуіне әсер етеді. Яғни ауадағы дененің өз пішінін өзгертуі оның жылдамдығына әсер ететіндігі физика заңдарының бірі. Ал, жерге жақындай бергенде алдыңғы аяқтарын алдыға қарай барынша созып, артқы аяғын жинап алады, кеудесін сәл еңкейтіп, табандарын бүгіп алып жерге түсуі оның табаны жерге тиген сәтте аяқтарына қатты соққы тимей, жеңіл кері серпілу туғызады екен. Осы іспеттес физика заңдарын немесе ауада жүзу заңдарын мысықтар ғана емес, ұшатын жан-жануарлар мен жәндіктер де жетік біледі. Егер адам баласы физика заңдарын бірнеше ғасыр көлемінде ғана танып білсе, жан-жануарлар оларды тума болмысынан-ақ біліп жаратылған. Яғни оларды үйреткен бір тылсым күш бар. Ол – Ұлы Жаратушының күші демеске лаж жоқ. Біз мұны: «АллаҺтың табиғаттағы кез келген тіршілік иелерін асқан шеберлікпен жаратуы», - деп түсінуіміз қажет
Əлденеге деген сөз болу керек менің ойымша
Сән ( франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.
Қазіргі сəн туралы менің ойым ол киім.
Себебі киім адамды суықтан, ыстықтан, жараланудан, сырып кетуден сақтап қалу үшін киеді. Киім үшін тек тікелей табиғаттан алынатын, өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеуметтік, мүліктік белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерін көрсетеді.