Аққулар (лат. Cygnus) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының
жеке туысына жататын өте сымбатты құстар.

Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі.
Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Денесі
созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы
денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай
ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда кездесетін
бір түрі ғана шымқай қара). Салмағы 5 – 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді.
Қанатының ұзындығы 150 – 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы
жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік
етеді. Ұясына (су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы) 3 – 7-ге дейін
жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 29 – 40 күнде ширақ балапандар шығады,
оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді. Ересектері су
өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су
жәндіктерімен қоректенеді. Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы
Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап
шығады.

Жігіт: күшті, батыр.
Қария:ақылды,данышпан, жауынгер,әділ,бай.
1.анам
әжем
әпкем
2.Балапаным.
Отан -Отбасынан басталады дегендей, отбасы да бір мемлекет. Отбасы ол ата, әже, әке, ана , аға әпке, қарындасың, сіңілің ,інің, бауырың. Отбасы ол барлық қиындықты жұмыла жеңу, бір біріне көмектесу, әрдайым қамқорлық жасау. Отбасы-ауыз біршілік, ұйымшылық, бірлестік. Осының бәрі шағын бір мемлекетте болады.
Арал теңізі ғасырлар бойы планетамыздың ең үлкен континенттік сутоғаны ретінде белгілі еді. Ол қазіргі Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жатыр. Бірақ бүгінгі күні оның тартылып бара жатқандығы бізге сабақ болуы тиіс.
Ақырзаман деген тура осындай болар, – дейді Юсуп Камалов, алдымызда ұзыннан-ұзақ созылып жатқан, тал-шілік басқан шөл даланы қолымен нұсқай отырып. – Ерте ме, кеш пе, ақырзаман бола қалса, тек қарақалпақстандықтар ғана одан аман қаламыз, өйткені біз қазірдің өзінде-ақ ақырзаманды бастан кешіріп отырмыз.
Төбе-төбе болып жатқан ұлу қабыршақтары мен құмда қайраңдап қалған, тозығы жеткен қайықтар болмаса, Өзбекстанның солтүстігіндегі өзіміз тұрған құмдақ жартастың үстінен қарағандағы көрініс нағыз бір шөл далаға тап болғандай әсер қалдырады. Бұл ара кезінде Арал теңізіне сұғына орналасқан түбектің шеті еді. Ол 1960 жылы ауданы жағынан әлемде төртінші орынды иеленсе, оның аумағы шамамен 67 000 шаршы шақырымды құрайтын. Бұл дегеніміз, Батыс Вирджиния штатының аумағынан да үлкен деген сөз. Ал арт жағымызда Мойнақ қаласы жатыр. Ол бір кездері балық консервілеу зауыты бар, қанатын кеңге жая дамыған орын еді. Тіпті, бертінде, 1980 жылдардың өзінде ол жыл сайын мыңдаған тонна балық өндіретін. Елу жыл бұрын Арал теңізінің оңтүстік жағалауы тура біздің табанымыздың астында жатты. Ал қазір ол солтүстік-батысқа қарай 90 шақырымға дейін тартылып кеткен.