Қонағыңнын алғысы алтыннан қымбат.Благодарность гостя твоего, дороже золотого подарка его.Келгенше, қонақ ұялар, келген соң, үй иесі ұялар.Волнуется гость, когда в гости идет, хозяин волнуется, когда гость придет.Қонақты сөзбен тойғыза алмайсын.Гость не будет сыт словами.Қонақ аз отырып, көп сынайды.Гость немного посидит, да многое углядит.Қонақ келді — ырысын ала келді.Гость приходит — счастье в дом с собой приводит.Қонақ келсе есікке, жүгіріп шық, кешікпе.Если гость придет, беги к двери, не опоздай.Сыйлы қонағың келсе, итіне сүйек таста.Если пришел уважаемый гость, и собаке его кинь кость.Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.Золото у гостя не бери, а лучше благодарность проси.Қонақ келсе, ет пісер, ет піспесе, бет пісер.Когда гость приходит, мясо хозяин готовит, если мяса не имеет — лицо хозяина краснеет.Құтты қонак келсе, қой егіз табады.Когда желанный гость придет, овца двойню принесет.
1)Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2)Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
3)Қол өнері — кілемде,
Сөз өнері — өлеңде.
4)Өнер көзі — халықта
5)Бір сом беріп жырлатып,
Мың сом беріп қойғыза алмапты.
6)Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.
7)Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен де жақсы
8)Су патшасы — мұрап,
Түн патшасы — шырақ.
9)Тау бұлағымен сәнді,
Көл құрағымен сәнді.
10)Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз
Айтыс - әдебиет жанры болғанымен ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. “Аттың жалы, түйенің қомында” дегендей көп дайындықты керек етпейтін айтыс кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей әсер еткені байқалады. Көшпелі елде шілдехана, ойын-тойға ерекше мән беріліп, қонақ кәдеден бастап, кішігірім ауыл айтыстары да өтіп отырған. Бұлар ертеңгі көрнекті айтысқа бастайтын дайындық тәрізді бүкілхалықтық сипат алған. Арқалы айтыс ақындары бірін-бірі іздеп келіп айтысатын дәстүрге жалғасты. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар айтысынсыз өтпейтін болды. Бұл дәстүр айтыстың сан алуан мазмұнды, мол ауқымды жанрға ұласуына қолайлы жағдай жасады.
Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. Бетпе-бет келген екі ақын да сол орайда жеңудің сан алуан жолдарын, амал-тәсілдерін қарастырады. Ә дегеннен амандасу, ел жағдайын сұраудың өзінде айтыс боларлық түйін, сын тағарлық мәселелер іздестіріледі. Қарсыластардың қай-қайсысы да негізгі уәж, аталы ойларын бірден жайып салмай, аңысын аңдап, құрылған тор, айлалы қақпанға түсіруді көздейді. Оның алдын орап, матап, шырмап, қисынды да уәжді сөзбен тоспақ болады. Машығы мол, айла-тәсілі көп, аталы сөзді орнымен қолдана білген ақын ғана мәрелі жеңіске жетеді. Суырып салма өлеңге ысылған, ағыл-тегіл жыр иесі айтыста сөз таппағаннан жеңілмейді, аталы сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан тосылады. Мұны қанша өкінішті болса да жұрт алдында ашық мойындауға, кейінгі жырлау кезінде жасырмай айтуға мәжбүр болған. Бұл шыншылдық ойды “Аталы сөзге арсыз жауап қайырады” деген мәтелімен айтыстың әділ қазысы болған халық өзі түйіндеп отырған.