Ел-зат есім
і-тәуелдік жалғауының 3 жағы
нің-ілік септігінің жалғауы
Тақырыбы: Аққулы көлде
Жаз... Жер жүзі көгеріп, жасыл ала жібекке оранып құлпырады. Аққулы колдің жағасында тізіле қонып алты ауыл отыр. Жаздың алтын нұры ойнаған күні еді. Көк мөлдір сулы аққулы көлдің жасыл ала қамыстары көк жібекке тіккен жасыл ала өрнекті кесте сияқты. Аққулы көлдің жағасы жасыл кілем жайғандай балбыраған кез еді.
Көлдің ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы -айнадай жалтыраған кең жайқын. Сол жайқында аппақ болып шалқыған екі аққу сыланып, ақырын әсем жүзіп көлеңдейді. Екі аққу ұзын, сұлу мойындарын иіп, көл арасында сыңқылдап, аппақ денесін күміс суға төсеп, әсем жүзіп, күміс судың айнадай мөлдірін шымырлатып сызады. Екі аққудың нәзік сұлу үнімен сыңқылдап жүзген күміс сызығынан сылдырлап меруерт, гауһар тізіледі..... Қап-қара жүнді, сыңқылдаған дауысты, ақ маңдайлы қасқалдақтар, қырқылдап ойнаған қоңыр үйректер, теріс аяқтар. Сусылдап ұшып-қонып ойнаған нәзік үнді, көк ала мойын, көк ала жібек құйрық сұқсырлар.... Маржан көз сүңгуірлер. Балаша жылаған ақ түсті гагралар. ... Қаңқылдап ұшып қонған қоңыр қаздар, шулаған шағалалар. Көлді айнала қорыған қара ала қанатты, әдемі айдарлы, шаршамайтын, саққұлақ қызғыштар. Көкке шығып, зыр қағып безектеп сұңқылдаған ұзын аяқ, біз тұмсық тау құдіреттер, тағы да толып жатқан неше түрлі құстар көл басын сұлу күйлі думан қып жатты.(185 сөз)
Олжас ойыннан кетсе мен бармаймын деп айтқан болатынмын.
Ағам айға ұшса, мен балаларға білім беремін.
Әпкем өзі қадағалап оқытса деген ниетім бар.
Әжем Алматыдан келсе ертегілер айтушы едік.
Бәріміз армандар орындалса деп үміттенеміз .
Осы шақ
жекеше көпше
мен жаттым біз жаттық
сен жаттың сендер жаттыңдар
сіз жаттыңыз сіздер жаттыңыздар
ол жатты олар жатты
мен жүгірдім біз жүгірдік
сен жүгірдің сендер жүгірдіңдер
сіз жүгірдіңіз сіздер жүгірдіңіздер
ол жүгірді олар жүгірді
Келер шақ
жекеше көпше
мен жатамын біз жатамыз
сен жатасың сендер жатасыңдар
сіз жатасыз сіздер жатасыздар
ол жатады олар жатады
мен жүгіремін біз жүгіреміз
сен жүгіресің сендер жүгіресіңдер
сіз жүгіресіз сіздер жүгіресіздер
ол жүгіреді олар жүгіреді
Өткен шақ
жекеше көпше
мен жаттым біз жаттық
сен жаттың сендер жаттыңдар
сіз жаттыңыз сіздер жаттыңыздар
ол жатты олар жатты
мен жүгірдім біз жүгірдік
сен жүгірдің сендер жүгірдіңдер
сіз жүгірдіңіз сіздер жүгірдіңіздер
ол жүгірді олар жүгірді