Мөлдір тұнық көк аспан,
Сол аспанға жарасқан
Самалеттей сұңқармен,
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді!
Көңлі – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан,
Ай, күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келді!
Күнге күліп, күй тартқан,
Айға әнің тыңдатқан,
Бақыт жырын жырласа,
Таң шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келеді!
Тыңда туып түлеген,
Тас түлектей көреген,
Көк қойнында тояттап,
Шың басында түнеген
Ұшқыш боғым келеді!
Жат жерлерге қонбаған,
Жатқа көңілі толмаған,
Асыл затты сұңқардай
Өз ұясын қорғаған
Ұшқыш болғым келеді!
Мұздай болат киінген,
Батпан қару үйірген,
Қорғап бақыт ұясын,
Тас түлектей түйілген
Ұшқыш болғым келеді!
Ар, намысн ақтаған,
Жүректе сыр жаттаған,
Туған елің – ұясын
Жан- тңнімен сақтаған
Ұшқыш болғы келді!
Ұшқыш болмай немене!
Қуат бітті денеме!
Қанатым бар қайысып,
Жастарға ісім өнеге,
Ұшқыш болғым келеді!
Кез келдген адамның жанына жақын өзіндік бір айналысатын ісі болады. Бос уақытында сүйікті жұмысымен айналыспайтын жан жоқ шығар. Сол секілді менің де өзіме ұнайтын хоббиім бар. Ол — сурет салу.Өнердің бұл түріне қызығып барып жүргеніме міне, бірнеше жыл да болып қалды. мен кішкентай кезім сурет салуға әуеспін. Сурет салған кезде мен бар әлемді ұмытып терең ойға батып кетемін.Негізінен кішкентай балалар сурет салғанды ұнатады ғой. Бірақ көбі үлкейе келе сурет салуды тастап кетсе, мен әлі күнге дейін тастаған жоқпын. Отбасымызда суретшілер жоқ. Алайда анамның мамандығы бейнелеу өнерімен байланысты болмаса да, суретті жақсы салады. Өзім ешқашан Пикассо, Леонарды сынды танымал суретшілерді көріп, суретші болуды арман еткен емеспін, менің суретші болуыма әсер еткен бірден бір адам — ол менің анам. Өзім кәсіби суретші болмасам да, сурет салу менің кәсіби хоббиім деп айтар едім. Өйткені суретші болу үшін, менің ойымша, белгілі бір деңгейге жетіп, өсу үшін оқу қажет болғанымен, Алла тағала маңдайыңа сурет салуды жазбаған болса, мың жерден жоғарғы білім алуыңның еш пайдасы болмайды...
Сурет салатын адам ретінде мен үшін сурет салу барысында көңіл-күйімнің жақсы болуы мен қолымда жақсы ұшталған қарындашымның болуы өте маңызды. Табиғатты, не ғимараттарды салғаннан гөрі адамдарды, мульт-бөпелерді, қуыршақ қыздарды, сондай-ақ ойыншық аю, мысық, қоян секілді жан-жануарларды салғанды ерекше ұнатамын.Мен сурет салудан басқа бос уақытымда қызықты кітап оқимын және спортпен шұғылдану
Өтірік айтуға болмайды, өйткені өтірік адамдарды ақымақ етеді. Бірақ өтірікті жақсы жағынан да пайдалануымызға болады, ол адамдарды бақытты етеді. Бірақ адам көп өтірік айтса ол өтрікші болады. Мен өтірікті ешқашан айтпаймын!