Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті. Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды. Туады ерлер ел үшін, Өлмейді ісі мəңгілік,Өшпейді абзал есімдер.
Салт- мектепке бар, уйге кел, курбынмен сөйлес, жиналыска шақыр, далаға шык
Сабақтас- есепті шығар, ойыншыктарды жина, хатты окы, шашынды жина, даптерлерді тарат
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
Сыйлық адам мен адам арасындағы қарым-қатынастың бір нәзік сыйластығының белгісі. Сыйлық ол үлкен бе, кішкене ме, азба немесе көп пе, арзан ба , әлде қымбат па - ол бәрібір сыйлық. Халық кәдесі бойынша жасалатын сыйлықтар: құда- құдағиға, қалыңдыққа, күйеу жігітке, нағашыларына алғаш рет келген жиендеріне берілетін арнайы сыйлықтар болады.