Бәрекелді,балалар,бүгінге осы жатыққандарың жетер!!!
Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
Ахмет Ясауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмет» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған...
Тайқазан — Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі алты ғасырлық тарихы бар қасиетті, алып қазан.
Атау септігі Астана, Алматы, Қызылорда, Орынбор
Ілік септігі Астананың, Алматының, Қызылорданың, Орынбордың
Барыс сеп Астанаға, Алматыға, Қызылордаға, Орынборға
Табыс сеп Астананы, Алматыны, Қызылорданы, Орынборды
Жатыс сеп Астанада, Алматыда, Қызылордада, Орынборда
Шығыс сеп Астанадан, Алматыдан, Қызылордадан, Орынбордан
Көмектес сеп Астанамен, Алматымен, Қызылордамен, Орынбормен