Бүгін қысқы каникул басталды.Мен каникулларды жақсы көремін,өйткені сол уақытта мен далада достармен көп ойнаймын және көп сурет саламын.
Маған Наурыз мейрамы ұнайды.Наурыз мейрамында адамдар бір-бірін кешіріп,уайым-қайғысын ұмытады.Ал əжем мен анам наурыз көже қайнатады.Əжемнің қайнатқан көжесі өте дəмді болады .Наурыз көжеге жеті тағам қосады.Олар:ет,күріш,су,сүт,мейіз,картоп,тұз.Біз наурыз мейрамында қыдырамыз.Аталар бата берсе,əжелер көже береді.Менің Наурыз мейрамым осылай өтеді.
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?
Тағы бір нұсқасы:
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.[1]
Адам үшін ата - анадан кейінгі ең жақын – абзал дос.«Доссыз өмір – тұл», «Доссыз өмір – тұссыз ас»- деп халық бекер айтпаған. Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық.