Отан өз батырларымен бай. Отанның қорғаушыларсыз, мемлекет жоқ. Бытылдық, Отан сүйгіштік, достық - нағыз батырдың сапалары. Батырлар болып дүниеге келмейді, олар болып қалыптасады. Балалық шақтан кішкентай балаға отаншылдыққа, құрметке тәрбиелеу керек. Атамекен үшін ата-аналарға нағыз жігітті тәрбиелеу керек ғой! Халықта дана мақал-мәтелдер бар: "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Ер барда - ел қор болмас" және тағы басқалар. Менің пікірінше, ең басты, ең негізгі батырдың сапасы - бұл отаншылдық. Отаншылдық - бұл туған жерге, өз халыққа, ұлтқа деген сүйіспеншілік.
1)Шоколадты қандай заттардан
дайындайды?
2)Альпинистер биік тау шыңдарына шыққанда өздерімен не алып жүреді?
3)Шоколадты аз мөлшерде жесе,адам
ағзасына зияны бола ма?
4)Неге альпинистерге тау басына шыққанда шоколад керек?
5)Шоколадты көп мөлшерде жесек қандай зиян тигізеді?
Мен циркульді күнделікті сабақта қолданамын.Алақай,жақында циркке баратын болдым.Менің ағам мотоцикл алды.Мен 1-ші сыныпта 100 цифрді жаттадым.Менің анам Музарт тобының концертіне ертен барады.
Қазақстан – қазіргі заманның ерекшеліктері мен ежелгі дәстүрлерін үйлестірген бірегей ел. Қазақстандағы туризмнің келешегі зор. Оның басты себептерінің бірі - географиялық және табиғи шарттар. Жазғы маусымда қазақстандықтар келесі демалыс орындарында демала алады:
Бурабай демалыс аймағы өзінің сұлулығы, көлдерінің молдығымен, жасыл желегімен және жануарлар әлемімен - «Қазақстан інжуі» деген поэзиялық атауға ие. Көкшетаулық қырлардың орталық бөлігін Көкшетау таулары алады, ең жоғары биіктігі теңіз деңгейінен 947 метрге жетеді. Бурабай – санаторийлер, профилакторийлер, демалыс үйлері, спорт-сауықтыру лагерлері аймағы. Бұнда Қазақстанның және ТМД елдерінің түкпір-түкпірінен денсаулықтарын жақсарту, табиғатпен танысу, демалу үшін ондаған мың адамдар келеді. Бурабайда тыныс алу мүшелерін және асқазан-ішек жолдары, жүрек-тамырлары жүйесі, тірек-қозғалыс аппараттарының ауруларын емдейді. Бурабай өзінің қымызымен, емдік лайларымен және минералды суымен танымал. Курорттағы ауа әсіресе керемет, дала шөптері мен қылқанды орман исімен қаныққан таза ауа. Суға түсу маусымы маусымнан басталады. Орташа алғанда қонақүйлерде және пансионаттарда тұру тәулігіне 5000 теңгеден басталады.
Құлдыр - құлдыр құлыншақ, Тынымсыз бір ұрыншақтай. Ұршықтай боп бұлтылдап Жұмыр, жоның жылтылдап. Құлыншақ, құлыншақ, Шапқылайсың даламен.
Дос болсайшы құлыншақ,
Мен сияқты баламен.