Ответ:
Менің үйім туралы.
Біз қаламыздың орталығында төрт бөлмелі пәтерде тұрамыз. Үйіміз тоғыз қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан. Үйіміздің бөлмелері кең, жарық, сонымен қатар әрқайсысы бөлек – бөлек орналасқан. Қарындасым екеуміздің әрқайсымызда өз жатын бөлмелеріміз бар. Бөлмемізде өзімізге қажетті жиһаздың бәрі де бар: жататын төсек, киім мен ойыншық жинайтын шкафтар, кітап қоятын сөрелер мен сабақ оқитын үстел мен орындық.
Жақында ата – анам үйге жөндеу жұмыстарын жасап, ас үй мен қонақ бөлмесін біріктірген болатын. Барлығымыздың ойымызша бұл өте ыңғайлы, әрі қонақ бөлмесі де кеңейіп қалды.
Үйіміздің ауласы да өте керемет – үлкен кісілер демалып, көлеңкеде отыратын ыңғайлы орындықтар, кішкене балалар ойнайтын ойын алаңы да бар. Бұл алаңда кешкісн көрші балалар бәріміз жиналып, түрлі ойындар ойнағанды ұнатамыз. Ауланы осы таза қалпында ұстап тұру үшін көктем келісімен көршілер бірігіп, есік алдында сенбілік өткіземіз, себебі ауламыздың тазалығы өзімізге жақсы.
Үйдің орналасқан жері де өте ыңғайлы, қаланың орталығы болғандықтан кез – келген бағытқа қоғамдық транспорт жүреді. Үйіміздің дәл жанында ірі сауда орталығы, аурухана, мектеп, кітапхана, түрлі банктер мен кішігірім дүкендер орналасқан. Мектеп жақын болғандықтан мектепке он минут ішінде жаяу барамын.
Менің досым өте жақсы адам. Достық деген қасиетті сөзге барлық іс - әрекеті сай келеді. Халқымыз достықты қатты құрметтеген. Досы бармен сыйлас,- деп бекер айтпаған. Жақсы дос жан азығы. Досы жоқ адам қанатсыз құс тәрізді. Жақсы дос адамның өмірлік серігі.
Қазақ елі бейбітшілік саясатын ұстанады.
Зергерлер əшекей бұйымдарды күміс пен алтыннан соқты.
Жерде жалғау де
табиғатты жалғау ты
сарандықты жалғау ты
жалқаулықты жалғау ты
қорқынышты жалғау ты
адамға жалғау ға