ЭКСПО Қазақстанның елордасы Астана қаласында орналасып, көркін келтіріп тұр.
Бұл үлкен жиынға əр ел өкілдері келіп өз елдерін ұсынды.ЭКСПО көрмесінің арқасында Қазақстан елі əрі қарай дамуға қадам басуда.
Қазақстанның экономика саласы да ЭКСПО көрмесімен байланысты болады.ЭКСПО-ол индустрилизацияның ең алғашқы символы болып табылады.Бұл көрмеге келген елдер өздерінің жаңа технологиялық əрі саяси бағыттарын ұсынады.
Міне осы тағы қандай сұрағын бар??✔⚬
Көлдің
көлде
көлге
желтоқсанның аяғы мен қаңтардың басында көлдің
мамырда
Байкалда
өсімдіктің
Егер мен депутат болсам ...
Депутаттарды қазақ халқы тегіннен - тегін "халық қалаулысы" деп атамаған. Яғни, депутаттар халық мүддесін ойлап, солардың сөзін сөйлеп, үкімет пен қарапайым халық арасын байланыстыратын көпір секілді.
Мен депутат болсам, ең алдымен денсаулық сақтау мәселесі мен әлеуметтік өмірді қолға алатын едім. Денсаулық сақтауға келер болсақ, ауруханаларда барлық дәрі - дәрмек пен ем - шараны ақысыз етер едім. Денсаулық адам өміріндегі басты байлық болғандықтан, оған аса көңіл бөлер едім.
Ал әлеуметтік өмір саласына келсек, балалар ойнайтын аула алдындағы барша алаңдарды қазіргі заман мен қауіпсіздік ережелеріне сай етіп, жаңартар едім. Себебі қазіргі кезде көп аула алдында балалар ойнайтын алаң не мүлдем жоқ, не болмаса тым ескірген, денсаулыққа да қауіп төндіреді.
Алдымен осы екі бағытты қолға алып, кейін бәрін жасап болған соң, басқа салаларды да қолға алар едім.
Қазақ елінің, қазақ жұртының тағдыры сынға түскен тарихи кезеңдерде, алмағайып замандарда әсіресе қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жан қиған да осы Алаш арыстары болды. Әсіресе, ұлттық тәуелсіздік үшін күресте олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктіріп, ел санасын оятудағы қыруар еңбегін ешуақытта ұмытуға болмайды.
Алайда, 1937 жылдың қырғынында осынау қазақтың қаймағы болған арыстарымыз барлығы дерлік қуғын-сүргінге ұшырап, басым көпшілігі ату жазасына кесілді. Ажалдан аман қалғандарының өзі ұзақ жылдар бойында ескерусіз қалдырылды.
Осылайша, қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға, оның іргетасын қаласуға сонау өткен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында аянбай еңбек еткен, қыруар жұмыс жасаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Шоқай, С.Садуақасов, Т.Рысқұлов т.б. көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бел ортасында Нәзір Төреқұловтың да есімі жарқырап көрінеді. Алаш идеясы бастарын біріктірген осынау саңлақтарымыздың қоғамдық және саяси өміріміздің әр саласында еңбек етіп, сол арқылы әрқайсысының түптің түбінде ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізуге әрекет жасағандығын аңғарамыз.
Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов та осы идея үшін күресті, азабы мен абыройы қатар түсіп жатқан, қатал да қатыгез тағдыр кешті. Оның өмір жолына қарап отырсақ, қоғамдық және саяси қызметінің барлық белестерінде алдымен ұлтына, туған халқына аянбай көмек беруге ұмтылғанын көреміз. Керек болса, осы мақсатта қолына қалам алып ғылыммен, әдебиетпен және журналистік қызметпен де айналысты. Соның арқасында қазақ әдебиеті мен өнері үшін, қазақ тіл ғылымы мен баспасөзі үшін, бір сөзбен айтқанда, жалпы қазақ тарихы мен руханияты үшін қаншама құнды дүниелер жазып тастап кетті.