Өзгелер жаманың артымен жүріп қате басқа жол таңдап қателік жібермеу үшін жазылған
<span>маймыл салмағы - это перевод слова "обезьяна весит"</span>
1.Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, -
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады.
Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінінде байқамай қалады. өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе? Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын , ата-анамның көзінде кішкентай қыз болсам да , өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын? деген сұрақтарға көп ойланамын. Жай ғана ойланудың аз екендігінде білемін. Сондықтанда қазірден бастап алдыма мақсат қойып , оған табанды түрде кірісіп , арманымның жетегіне еріп келемін. Елбасымыз айтқандай «Болашақ-білімді жастардың колында» демекші біздің болашағымыз өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты , нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі , әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар. Мысалға ұстаздықты алатын болсақ , Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны да бір , жаны да бір жолбасшысы-мұғалім» демекші ұстаздық ең жоғарыда тұратын , өте құрметті де қадірлі мамандық. Ұстаз алдындағы шәкіртті қандай жолға түсірсе , шәкірт сол бағытты өмір бойы ұстанып жүреді деп ойлаймын. Жалпы жалғыз ұстаздық қана емес , мейлі шахтер болсын , аспаз , құрылысшы болсын , өз алдында жеке бір мамандық деп білемін.<span> Ал өзім жайлы айтатын болсам , болашақта қандай салада жұмыс істейсің? деген сұраққа мен ойланбастан биология саласы дер едім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманда биология , химия , физика және математика салаларына жете көңіл бөлінсін» демекші мен жеке биология саласын одан әрі дамытқым келеді. Атақты ғалымдар сияқты жаңалықтар ашу менің басты мақсатым. Әрине бұның барлығы да қазір арман болса да , жоғарыға көтерілу жолында қиындықтар туындайтынын білсем де , мен бұл мақсатыма жететініме сенімдімін. Және де бұл ойымды жүзеге асыру мақсатында қазіргі күннен бастап мен алға қарай қадам басудамын.</span>
Әке – асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.