"2013 жылғы қаңтарда банк жариялаған сатып алу туралы АҚ "Хоум Кредит Банк" ақ-Қазақстанда, сондай-ақ кіреді - тобы Home Credit B. V.. Хоум Кредит Банкі директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады — Иржи Шмейц басқарма төрағасы Юрий Андресов. Банк Хоум Кредит белсенді жоғарлату бойынша жұмыс істейді, халықтың қаржылық сауаттылығын. Осы бағдарламаны іске асыра отырып, 2008 жылдан бастап, банк сарапшылардың шеберлік сыныптары. Банк Хоум Кредит нарығында белсенді жұмыс істейді бөлшек банктік қызмет көрсету."
Адам мен табиғат егіз. Қай заманда болмасын адам табиғатпен тығыз байланысты болған. Мәселен, дем алып отырған ауамыздың өзін тал-терек, жасыл желектен алатынымызға көп көңіл бөле бермейміз. Ал басты байлығымыз саналатын орман-тоғайды көздің қарашығындай қорғауды әсте ұмытпағанымыз абзал. Ұлан-байтақ даламыздың 4 пайызын ғана орман алқабы алып жатыр. Осыған қарап-ақ қоры шектеулі табиғатты тұмса күйінде келер ұрпаққа жеткізу міндеті қаншалықты маңызды екенін байқайсыз. Осының 60 пайызы шөл даланың иесі мен еркесі сексеуіл ормандарының үлесінде. Десек те, бағаламасақ, жойылуға шақ қалған құнды өсімдіктерден көз жазып қалуымыз мүмкін.<span>Үштөбе орман шаруашылығы екіге бөлінеді. Атап айтсақ, оның бірі Қаратал орман шаруашылығы болса (тоғайлы орман), екіншісі мойынқұм орман шаруашылығы (сексеуілді орман). Ал, сексеуілді орман 81826 гектар алқапты алып жатыр. Қаратал өңірінде төрт аяқты жануаралар: қасқыр, түлкі, борсық, елік, сілеусін, қоян, қарсақ, су тышқаны мекендейді. Сонымен бірге қырғауыл, шіл, бөдене, буылдырық, үйрек, қаз, көкқұтан сияқты құстар орманның көркі мен байлығы болып отыр. Қыстың қатты болуы аң-құстарға оңай соқпайды. Бір жағынан рұқсатсыз аң аулаушылар қыспаққа алса, екінші жағынан қасқыр мен түлкіге жем болады.</span>
Бұл өленнің идеясы: Балаларды ғылымға, білім алуға шақыру. Мақтаншақ болмау.
(осы ғана билем кешыр)

Шұбат — түйе сүтінен дайындалатын сусын. Шұбатты бір қорландырып алады да, одан әрі ешқандай ашытқысыз ашыта береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында шұбатты торсықта немесе ағаш күбіде ашытқан. Ол бір тәулікте өз бабына келеді. Шұбатқа арналған торсықты түйе мойнағынан жасайды. Шұбат ашытқаннан кейін, оны адамға берер алдында шайқап, көпіршігін жақсылап араластырып ұсынады. Түйе сүті, бұл түлік суды аз пайдаланғандықтан, майлы болып келеді. Қуаты мен дарулық қасиеті қымыздан кем емес. Қымызда 499-528 ккал болса, шұбатта 789-991 ккал болады. Шұбат құрамында май, әр түрлі витаминдер мен тұздар көп болады. Шұбатты Маңғыстау обл. Тұщыбек бұлағындағы емдеу орнында өкпе ауруларын емдеуге пайдаланған.
Түйе сүтiнiң химиялық құрамы: 86,5 пайызы судан, 14,5 пайызы құрғақ заттан тұрады. Оның iшiнде сүттiң майлылығы — 5,0, белок — 3,6, казеин — 2,8, альбумин — 0,6, глобулин — 0,2, минералды заттар — 0,9 пайыз. Әсiресе, қос өркештi қазақ түйелерiнiң сүтi емдiк қасиетiмен құнды саналады. Аруаналардың сүтiнде майлылық 4,9 пайыздан 6 пайызға жетедi, ал, белок 3,9 пайыздан кем емес. Сүттiң белогы мен майлылығының тепе-теңдiгi шұбаттың құнарын арттырады. Амин қышқылының құрамы да жеткiлiктi.
Түйе сүтінін ұдайы пайдаланғанда ішкі мүшелердің қызметін реттеп, адамды семіртеді. Қазақ емшілері түйе сүтін науқастарды емдеуге қолданады. Жасы ұлғайған қарттарға, ауру салдарынан дене қуаты төмендеген науқастарға бір мезгіл шұбат ішкізеді. Шұбатты ішкен соң адам денесі балбырап терлейді, ұйқысы жақсарады, сергиді, біртіндеп семіреді. Шұбатқа қоса бағлан етімен сорпалану да жақсы әсер етеді.