Тәуелдік:
жекеше:
менің сыйлығым
сенің сыйлығың
сіздің сыйлығыңыз
оның сыйлығы
көпше:
Біздің сыйлығымыз
сендердің сыйлықтарың
сіздердің сыйлықтарыңыз
олардың сыйлықтары.
Өмірде адам баласы өз қолымен жасағанның бəрі өзіне жеміс. Қазіргі уақытта адамның қолынан келмейтін ештеңе жоқ. Барлығы уақытпен өтіп жатыр. Уақыт өте келе адам баласының миы дамып,қолдарынан не келеді соны жасайды. Егер адам істей алмай жатса, онда оған төзім керек. Төзім болмаса шыдамыңнан да айырыласың. Ал егер адам істеймін,қолымнан келеді деп істесе, сонда ғана адам өзіне-өзі сенеді.Адам баласы уақытты тиімді пайдаланса бəрі болады. Уақыт-ешқашан тоқтамайды. Уақытты өзіңнің нəпсіңе қолдансаң, онда қолыңнан бəрі келеді.
Головкин Геннадий Геннадьевич (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды, Қазақстан) — қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. Орта салмақтағы әлем чемпионы (IBO тұжырымы, 2010 - қ.у; WBA тұжырымы, 2011 - қ.у; уақытша WBC, 2014 - қ.у). The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың ондығына кіреді. 2013 жылдың соңында WBA тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық суперчемпион Геннадий Головкин беделді американдық USA Today басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанған болатын.
2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
7 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж.);
ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.);
Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Осака, 2001 ж.);
Азия ойындарының чемпионы - (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002 ж.);
Жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.);
«А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы.
WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады)
IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады).
89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс тарихында орташа салмақ бойынша ноукат үлесімен бірінші орында тұр.
2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.
Қазақ киносы - <u>Қ</u><u>азақ төңкерісінен </u>кейін пайда болды. Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірілді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік "Востокфильм" кино қоғамы құрылды. 1929 жылы <u>Алматыда </u>оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы "Соңғы хабар" атты киножурнал шығарып тұрды. Реж. В.А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың біріне саналатын Түркістан - Сібір темір жолы магистраінің құрылысы жайлы "Түрксіб" атты деректі фильмін қойды. 1934 ж. Алматыда "Кеңестік Қазақстан" киножурналын үзбей шығарыл тұратын Респ. киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. "Ленфильм" студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен "Амангелді" көркем фильмін жасады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталады.
Cаша: Әлібек, мен сенің айтқаның бойынша болашақта билетті ғаламтордан сатып алатын болдым.
Әлібек: Жақсы болған екен. Бағдарламаны жеткілікті меңгерген екенсің ғой.
Саша: Кинотеатрға ерте барып, кезекте тұрғаннан гөрі, үйде отырып-ақ билет алған тиімді екен. Уақытың да шығындалмайды, артық шаршайтын жұмыс та емес.
Әлібек: Ия, келесіде баратын болсаң маған да хабарлас, бірге барып, кинофильм көрейік.
Саша: Жарайды, тағы киноға барар болсам, саған телефон соғамын.