Бата берудін пайласы:Жақсылыққа бастар жол
бата берудын тəртібі: Улкен ақ сақал қарт кісі болу керек,Дəрет болу керек,екі қолды жаю керек.
Батанын турлері:Ол 2 бөлінеде Он бата жəне теріс бата.Разы болган кісі он бата береді.Қарғау,жаман тілек тілеу теріс батага жатады
Менің Қазақстаным! Бұл сөзді жайбарақат айта салу қиын. Тіпті, мүмкін емес десе де болады. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп, санаңда әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің.
<span>Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған топырағыңның алдындағы перзенттік парыз жайлы ойлар жадыңда оралады. Одан өміршеңдік пен өрлікке, оптимистік пен жасампаздыққа бастайтын айбынды азаматтық рух сезіледі. </span>
<span>Менің қазақстаным! Бұл – жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөздер. Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі жермен, оның өткенімен, бүгінімен және ертеңімен тәңірлік байланыстылығын, табиғи біртұтастығын еске түседі. </span>
Оны айтқанда арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді, алдыңда Сарарқаның сар жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, ару Ақжайықтың әбілхаят сумымен тазарғандай тұнық та сергек сезінесің.
Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тасты күңіренткен салқар сарынын, сағым қуып, самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпарлардың тұяғының дүбірін, қыран қанатының ғаламат суылын естігендей боласың. Қарлы шыңнан қияға көз салған қанатты барыстың тоятын таппай тоқтамас тегеурінді қимылы көз алдыңа келеді.
<span>Менің Қазақстаным! Бұл – қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі. Барша әлемге ашық, бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын құдайындай сыйлайтын, «көрші хақы – тәңірі хақы» деп есептейтін, аузын ашса – жүрегі көрінетін аңқылдаған ақ адал ұлттың жан тебіренісі.</span>
Біздің қалада Президент атындағы саябақ ашылды. Саябақта әр түрлі ағаштар отырғызылды. Бұрынғы саябақта да өте жақсы. Балалардың да ересектердің де демалуына барлық жағдай жасалған. Саябақтағы жасанды көлде аққулар жүзіп жүр.
Менің демалыс күндерім.
Көбінесе мен онда немесе он бірде тұрамын,жаттығу жасаймын, таңғы асымды ішемін.Таңғы асымды ішіп болған соң мен үй жинауға бастаймын.Көбінесе мен сенбі күні үй жинаймын.Үйді жинап болған соң мен түскі ас дайындаймын,содан кейін түскі асымды ішемін.Сағат алтыға қарай мен құрбыларыммен серуендеуге шығамын.Сағат сегізде мен үйге келіп теледидар көремін немесе интернетте отырамын. Сағат он екіде мен ұйықтаймын.Жексенбі күні мен көбірек ұйықтаймын.Тұрған соң сабақ істеймін. Мен тамақ дайындауға жақсы көремін сол үшін əр демалыста тəтті тоқаштар дайындаймын.Кешке мен мектепке киетін киімдерді жуып дайындап қоямын.Сағат он бірге қарай ұйықтаймын.