Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой… «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. «Адам атамыз бен Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді. Итті «жеті қазынаның бірі» дейтін себебіміз адамзат сол иттің ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар. Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі бар. Айталық, алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың. Шынымен, осы қисынға, «бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан
Атау с. бапкер
ілік с. бапкердің
барыс с. бапкерге
табыс с. бапкерді
жатыс с. бапкерде
шығыс с. бапкерден
көмектес с. бапкермен
жекеше түрі
мен күресшімін
сен күресшісің
сіз күресшісіз
ол күресші
көпше түрі
біз күресшіміз
сендер күресшісіңдер
олар күресшілер
Қыста көп қар жауады. Боран соғады. Бораннан кейін көшелерді, жолдарды қалың қар алып қалады. Елдер далаға шығып қар күрейді. Қалың қарды ағаштың түбіне жинап, тамырын жылытады.Қыста малды қыстауда ұстайды. Қысқы аяздардан үй суи бастайды. Адамдар далаға шығып қысқа дайындаған ағаштарын жинап, көмір, отынды алып үйге кіргізеді.
Тіл мәдениетінің қажетті аса маңызды сапаларының бірі сөз тазалығы деп білемін. Қай тілде сөйлесең, оған басқа тілді араластырмай ойыңды жеткізу тіл мәдениетінің маңызды көрсеткіші.
Мен демалысты қалай өткіздім.
Демалыс күні достарыммен тауға шықтық. Таудан түскенде, тау етегіндегі гүлдерден тердік, бұлаққа шомылдық. Жалпы, жақсы демалыс болды.