1)Ғалымдардың айтуы бойынша,жасыл өсімдік-адам өміріне пайдалы.
2)Асқар таудың бөктерінде қар жамылғысы көрінеді.
3)Биік шыңдарда қар барысы мекен етеді.
4)Ну тоғайда жасыл жапырақты ағаштар көп.
5)Қалың орманда қылқан жапырақты ағаштарды көп кездестіруге болады.
6)Ұшқан құс бұлттардың арасынан көрінбей кетті.
7)Кең дала тарихи оқиғаларға толы.
Ата-ана әрбір баланың қамқоршысы,жанашары,ақылшысы,Ата-ана сені кішкентай кезінен бастап мәпелеп өсіріп,саған жаман мен жақсыны айырып тәрбилеп өсірген жандар,Ата- анаға көмектесу менің парызым!,Әкем қандай жұмыс берсе де соны соңына дейін бітіріп,сосын өз шаруаларыма кірісемін,Бірақ, ата-атаның ең бастапқы маған қойған талабы- ол білім алу,Сабақты жақсы оқу,үлгілі оқушы болу ,мектепті жақсы бітіріп ,қандай да мамандық алу ,міне осыны ата-анаға үлкен көмек деп ойламын
Тіл-халықтың ең негізгі байлығы.Қазір заман талабына сай біз үш тілді жетік
білуіміз қажет. Тіл білу-байлық.Әсіресе,өркениетті еліміздің дамуына үлес
қосқымыз келсе,көп тілді игеру біздің қазіргі алға қойған мақсатымыз.Үштұғырлы
тіл өмірдің қажеттілігі.Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және
жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады.Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге
қабілетті ел азаматының міндеті.Қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген
азаматтардың қай ортада да жұмыс істесе де жолы ашық.Мемлекеттік тіл мемлекет
өмірінің барлық саласында “бүкіл қағамымызды біріктіруші”қызметін,орыс тілі
ұлтараық қарым-қатынас тілі,ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға,әлемдік
қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етуде.Көрнекті классик жазушы Сәбит
Мұқановтың “әркімнің туған тілі-туған шеше,оған бала міндетті сан мың есе”деген
сөздерін мысалға ала отырып,түсіне,ұғына білгенге адамдағы ұлттық мақтаныштың
алғашқы ұшқындары да жүрекке тіл арқылы ұялайды.Елбасы өз жолдауында: “Қазақ
тілі-біздің рухани негізіміз...Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде.Қазақ тілі
2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп,кез-келген ортада
күнделікті қатынас тіліне айналады...”-деп айтты.Елбасымыз жыл сайын халқына
жолдауында қазақ тілі туралы айтып кетеді.Тіл-біздің қазақтығымыздың кепілі.Біз
өзіміздің тілімізді одан әрі дамытуымыз керек.Сонымен қатар біз орыс тілі мен
компьютердің,экономиканың тілін меңгеруіміз қажет.Көп тіл білгеннен ешкім де
ұтылмайды.Қазақ тілі-бай да құнарлы тілдер қатарына жатады.Ежелгі
бабаларымыздың тарихы,шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа
өзімміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр.Тіл тіралы ерте заманнан бері
өлең-жырлар айтылып,жазылған.Соның бірі:
Сүйемін туған тілді-анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген
білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін,
-деп Сұлтанмахмұт Торайғыров ағамыз жырлап өткен.Қазақ тілі Бауыржан
Момышұлының сөзімен айтқанда “тіл дегеніміз қай халықтың болмасын
кешегі,бүгінгі ғана тағдыры емес,бірсүгінгі де тағдыры.Қазақ тілі
өткірлігімен,бой балқытып,құлақ құрышын қандырып,ұғымына қонымды,жүрегіне
тиімді...Қысыл таяң қатал жағдайда қайрап,егеп,сөз тапқанға қолқа жоқ
дегендейін ерге,елге медет болып адам түгіл,жағдайдың көмейіне құм құйып,аузын
аштырмай,үнін шығармай қоятын тіл.”Тіл атадан балаға мұра болып қалатын асыл
мұра.Сол себепті өзіміздің тілімізді ұмытпай басқа тілді де меңгеріп,біліп
жүрейік ағайын!.<span />
Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Ата қоныс — алтын мекен.
Атамекен — анаң екен,
Қысылғаңда панаң екен.
Атамекен туған жер:
кір-қоңыңды жуған жер,
кіндігіңді кескен жер,
кісі болып өскен жер.
Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.
Әркімнің өз жері — ұжмақ.
"Бақыр қазан кайнаса бәріміздің бағымыз,
Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз".
Бақа батпағына, балық көліне.
Баланың өскен бесігі кең дүниенің есігі.
Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық.
Дарақ бір жерден көгереді.
Дуадақ шөлін мақтайды,
Көкала каз көлін мақтайды.
Кемеңгер елін мақтайды,
Дихан жерін мақтайды.
Ерінен айрылған көмгенше жылайды,
Елінен айрылған өлгенше жылайды.
Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен
Туған елдің түтіні де тәтті екен.