Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз: – Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: – Ендеше қатығыңды төгем! – дейді. Мақта қыз: – Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: – Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді. Мақта қыз: – Менің қатығымды төле! –дейді. Мысық сиырға барады. – Сиыр, маған қатық берші! – дейді. Сиыр: – Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді. Мысық ағашқа барып: – Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді. Ағаш: – Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді. – Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді. Қыздар оған: – Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады. – Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді. Дүкенші: – Маған жұмыртқа бер! – дейді. Мысық тауыққа барады. – Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді. Тауықтар: – Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді. Мысық: «Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады. – Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді. Тышқан қорыққанынан: – Үйімде бір табақ тары бар, – дейді. Мысық: – Маған бір уыс тары бер, – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді
Мақсат , тілек , мақсұт , тілеу
Ауылға Шоқан атты бала келді.Ол Мысық атты баламен танысты.Мысық өте кедей еді.Бір күні ол Мысықты қонаққа шақырды.Мысық Шоқанға балшықтан жасалған мүсіндер сыйлады.Ал Шоқан оған қант пен бауырсақтар берді.Содан соң,Шоқан оған түйенің мүсінін жаса деп еді,бірақ Мысық оған құстың мүсінін жасап берді.Шоқан Мысықты қатты аяғап кеткендіктер,оған киімге арналған мата сыйлады.Содан кейін Шоқан өз ауылына кетті.
Екі инженер жұмыс істеп жатыр. Бір бірі мен жұмыс жайлы ақылдасып жатыр. үлкен үй соғып жатыр планға қарап салып жатыр.
Еліміз егемендік алып, еңсеміз көтеріліп, елдігіміз бен теңдігіміз теңеліп, дініміз бен тіліміз қайта жаңғырып, тәуелсіз қазақ елі біршама жетістіктерге жетті. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған бабаларымыз бен даналарымыздың артында қалған армандары мен аманаттары орындалып, көп ұлтты қазақ елі жиырма жылдың ішінде біршама өркендеп, экономикасы мен әлеуметтік жағдайы көтеріліп, әлемнің дамыған елдерінің қатарынан көрінді. Атап айтсақ, дамыған мемлекеттер арасында ЕЫҚҰ мүшелігіне қабылдануымыз. Тұңғыш рет елімізде Азиада алауы тұтанып, қазақ елінің мерейі үстем болды. Ел болып егеменді қазақ елі,Алматым сұлу көркі асқақ еді.Жөнелтіп ұлы көшті Арқа жаққа, Нұр ағам нұрлы жолға бастап еді. Біздің осындай мақтанышпен қарайтын Алматы және Астана қос қаламыздың келбеті әлем тарихынан орын алды.Астана қаласы азғана уақытта салтанатты гүлденген қалаға айналды. Бұл Тәуелсіз елімнің басына қоған бақыты екені айқын.Қазақ елінің терезесі теңеліп, осында тұратын елімнің ынтымағы мен татулығы жарасқан. Тәуелсіз еліміздің ертеңі, болашағы қазіргі жастар мен жас жеткіншектер біздің келешек ұрпақтарымыз. Келешекте қазақ елі бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіне әрбір азамат өз үлесін тигізіп, ат салысса нұр үстіне нұр болар еді. Қазақ елім, тұғыры биік алыпсың,Егемен елім тарихыңа қанықпын.Көгілдір туың көгінде мәңгі желбіреп,Берекесі мен бірлігі артсын халықтың! Тәуелсіз қазақ елінің айы оңынан туып, биіктерден көріне берсін.