Осы шақ істің сөйлеп тұрған уақытта болып жатқанын көрсетеді. Мағынасына қарай осы шақ екі түрге бөлінеді: 1) нақ осы шақ және
ауыспалы осы шақ.
Нақ осы шақ іс-әрекеттің сөйлеуші сөзімен бір мезгілде орындалып жатқанын көрсетеді. Нақ осы шақ көбінесе отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері арқылы жасалады. Мысалы, оқып отыр, күліп тұр, ойнап жүр, ұйықтап жатыр.
Ауыспалы осы шақ істің, қимылдың дағдылы түрде болып тұруын көрсетеді. Ауыспалы осы шақ түбірге көсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары мен жіктік жалғауының жалғануынан жасалады. Мысалы, жаңбыр жау-а-ды, күн күркіре-й-ді, мен айт-а-мын, сен кел-е-сің, менкеліспе-й-мін, орында-й-мын, тапсыр-а-мын, т.б.
Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.
Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша "...1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған.
Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегі аздың, өнбегі аз- яғни аз еңбекьенетін болса оның пайдасы да аз болады.
Еңбегіне қарай-құрмет,
Жасына қарай- ізет– яғни еңбеққор адамдарды жасы үлкені де, кішісі де құрмет тұтады, ал үлкен, қарт адамдарды тек оның жасы үшін ғана құрметтейді
Күләш Байсейітова қазақтың әйгілі әншісі, опера жанрындағы әнші деп те айтуға болады, сыңғырлаған даусымен. КСРО-ның еңбек сіңірген әртісі. Күләш Байсейітова Қарағанды облысында Ақтоғай деген ауылда дүниеге келген. Күләш Байсейітова жастайынан әнге жақын болғандықтан әкесі оны жеті жылдық мектепті бітірген соң педагогикалық институтқа, көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысып, 1930 жылы Қазақтың тұңғыш драм театрына қабылданады. Күләш Байсейітова ол жерде Бейімбет Майлиннің Майдан, Мұхтар Ауезовтың Еңлік Кебек сынды спектальдарында өнер көрсеткен.
Отан десем оралады ойыма
Ақсақалды, ақ шапанды қария,
Туған жерім - құт мекенім, дариям,
Егеменді елім, туым, әнұран,
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.Осы жолды аңсап еді еліміз,
Ар-намысты батыр туған жеріміз.
Мақтан етер бай мұрасы, салты бар,
Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар.«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары... Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін.
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 20 жыл өтті. Қазақстанның жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар.
Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін.
«Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын.
Барша Қазақстандықтарды елімнің мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, ашық аспан көгінде қалықтаған қырандай еркіндік пен даму, асқан бақыт және шексіз қуаныш, биік белес пен шығар шың тілеймін.