Ответ:
Көктемде орманда болып көрдіңіз бе? Онда мен айтып берейін. Көктемгі орманда сғаштар кқлеңкесі түсіп тұрғандықтан, орман іші қоңыр салқын боп тұрады. Енді бүршік жарып жатқан ағаштардан, бұталар мен шөптерден жағымды көктің иісін сезесіз. Орман ішіндегі жылғалардың қайдан бастау алып жатқаны белгісіз, бірақ тынымсыз ағып жатады. Ағаштардың биіктігінен аспанды көру мүмкін емес.Тек көзге көрінбейтін құстардың түрлі дыбыстағанын есітесің. Қандай құс ,қай құстың даусын ажырату қиын, тек көкек пен тоқылдақтың жұмыс үстінде екенін бірден білесің. Көк шөптің арасында кішкен гүлдер бас көтере бастапты. Көктемгі орман табиғаты тамаша тамылжып тұо.
Объяснение:
Найман-Ана
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтыматов - Қырғызыстанның халық жазушысы,коғам қайраткері.Оның қаламынан әдебиетімізден ойып тұрып орын алар шығармалар туды.Солардың бірі - "Боранды бекет" романы.Ал көптің жанына қаяу салар Найман-Ана туралы аңыз - соның бір үзіндісі. Бұл аңызда Дөненбайдың ұлы Жоламан мәңгүртке айналады.Ал Найман Ана өз ұлын тауып өз үйіне қайтармақшы болады.Дегенмен Жоламан анасын танымағандықтан өз еліне бармай, қожайындарының жалған сөзіне сеніп өз анасын өз қолымен өлтіреді.Найман-Ана - бар аналардың смиволы,қайсар жан.
Оқиға желісі Сарыөзек деген жердегі Ана-Бейіт деген мазардың тарихынан басталады.Сол Сарыөзекті басып алған жуан-жуандар қол астындағыларды адам төзгісіз азапқа салады екен.Менің сөзіме романның: «..Ал енді жуан-жуандардың қолында құлдықта қалған тұтқындардың күнін құдай көрсетпесін. Жуан-жуандар ондай құрбан құлдардың басына кепеш кигізіп, айуан азаппен ақыл-есінен айырады екен,»-деген үзіндісі дәлел бола алады.Найман Ананың жалғыз баласы осы азапқа душар болған еді.Бірақ үмітін үзбеген ана жас мәңгүрт деген менің жалғызым ба деп іздеуге шығады.Аңыздың: «Е, құдая, сол бейшара мәңгүрт басқа біреу емес, тек менің ұлым болса екен деп зарыға, зарлана тіледі. Мәңгүрт тұрмақ, тағы бір бәле болып кетсе де, тек менің ұлым болса екен...»-деп ананың бар жанымен тілеуінен оның баласының қандай болса да жанында қалуға ,қиыншылықтардан қорықпайтын батыл жан екендігін көреміз.
Әрине,баласының мәңгүрт болса да тірі екендігіне көзі жеткен ана оны елге қайтаруға тырысады.Алайда онысынан түк те шықпайды.Баласын иландырудың бар тәсілін қолданған Найман-Ананы Жоламанның өз қолымен атуы көзге жас әкелмей қоймайды.Оны шығарманың: «...Құлап түсерден бұрын басындағы ақ жаулығы ұшып кетті де, лезде құсқа айналаға, аспанды шарқ ұра шырылдап: "Ойланшы, кімнің баласысың? Атың кім? Атың кім? Сенің әкең Дөненбай! Дөненбай!.." - деп зар қақсады,»-деген үзіндісін оқып-ақ көзімізді жеткізіп,ауыр мұңға бет аламыз.
Қорытындылай келе айтарым,бұл шығармадан біз ананың жан айқайымен қатар өткен тарихты да біле аламыз.Туындыны оқыған адамның санасында мен жүрегінде үлкен орын қалатыны анық.Әлбетте,қазіргі таңда мұндай зұлымдықтар,әділетсіздіктер кездеспейтіні кімді де болсын қуантпай қоймайды.
Ақыл,жұрек,ми ушеуи го короч
Перевод шекели мағынасын білмеймін өзіме де керек болып тұр