Алтынемел, тоғызқұмалақ, қонақүй, Елорда, жолбарыс, бағдаршам, Атамекен, теледидар, Ұлжан, алатау.
Жеке батыр жайлы аңыз.
Бір кедей ауылда ақылды парасатты, арманшыл, үлкен күштің иесі батыр өмір сүріпті. Ол жас, өлең айтатын ешқандай қорқуды білмейтін болыпты. Өсе келе айналысындағы кедейшілікті, халықтың көз жасын, қайғысын көреді. Шығыстан және оңтүстіктен ауылға жоңғарлар, батыстан – Волга қалмақтары қысым жасады. Дұшпандары ауылдан адамдарды, малдарды айдап әкетіп жатады. Ел ішінде жігіттер қыз-келіншектер үшін өзара төбелесті. Осындай реніштері үшін олар бір-бірінің жайылымдарына зиян келтірді. Осындай келеңсіз жағдайларға өкпелеп жас батыр ауылдан кетіп, өз бақытын табуға бел буады. Жолда батыр өзге елдің бірнеше әскерлерін жолықтырады. Олар бақытқа жету үшін жердің түбіне жалғыз бару керек емес, қасыңда жора-жолдас болу керек. Күш біріктіріп, еліңді-жеріңді қорғасаң, сонда бақыт өзі келеді, - дейді. Батыр ешқайсысының сөзіне құлақ аспай, өз жөніне кете береді. Алдынан дұшпанның үлкен әскері кездесіп, барлық жолын жауып, қанды шайқас болады. Сонда ғана қанша батыр болса да, жалғыз жолға шығуға болмайтынын түсінеді. Дұшпандарының қолынан дала төсінде мәңгі ұйқыға кетті. Қазіргі кезде «Жеке батыр» тас бейнесі халық жүрегінде аңыз болып қалды.
Оқжетпес тауы туралы аңыз.
Бұдан жүз жыл бұрын ба, әлде мың жыл бұрын ба, кім біледі, Арқаның Көкшетауының бауырындағы бір алаңқыда әрі батыр, әрі асқан аңшы бір кісі мекендепті. Кәсібі бүркіт салып, аң аулау болыпты. Ол кезде Көкшеге ауып келген «Оралдың ақ иығы» атты орасан күшті бүркіттер мекендейді екен. Батыр аңшы бір күні аң аулап келе жатып, қазіргі «Оқжетпес» аталатын, бейне алып күшті дәу қолмен текшелеп үйіп қойғандай үшкір найзаланған биік тас таудың шың басына бір бүркіт адам тәрізді жәндікті бүріп қона бергенін көріп қалыпты. Сол арада: «Апырмай, мұның жемі адам тәрізді ғой», - деп ойлайды да, жалма-жан садағын ала салып, бүркітті көздеп тартып жіберіпті. Зулаған оқ үшкір таудың ортасынан аса, көзделген шың тасқа жетпей жерге түсіпті. Құтқара алмайтынын сезген батыр аңшы көңіліне жаман ой түсіп, дереу үйіне жүгіріп келсе, әйелі зарлап жылап отыр екен. Жаңағы бүркіттің бүрген жемі батыр аңшының жалғыз баласы екен. Ашына күйінген батыр аңшы: «Ең болмаса, қызымның сүйегін көмейін» деген оймен «Құлап өлсем, жаным артық па», - деп тәуекелге бел байлап, құс болмаса бұрын адам шықпаған найза тауға шығып, қызының сүйегін алып, түбіне жерлепті. Ал тас тауға «Оқжетпес» деп ат қойған екен.
Оқжетпес шыңы.
Оқжетпес туралы мынадай аңыз бар екен: Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі — Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты.
Этiнiндегi есiмдiктердi
пайана отырып, диаг курадар. Озара сойлесiндер
Информация гос.секретаря хасыры
Орманның шаруашылық және адам өмірі үшін зор маңызы бар. Орманнан қандай заттар алынады? Бұл сұраққа ағаш шебері: үстел, орындық, қарындаш, сызғыш, ағаш шкафтар, кітап сөрелері, есік терезе жақтаулары деп; қағаз дайындайтын комбинат жұмысшысы: дәптер, газет, кітап, журналдар деп айтар еді. Себебі, мұның бәрін ағаштан дайындайды ғой. Теміржолшы болса: ағаш вагондар, темір жолдың астына салатын төсеніштер; дәрі-дәрмек жасаушылар: ағаштан алынатын дәрі-дәрмектер; инженер: жасанды, табиғи жолдармен алынатын маталар, жіптер туралы әңгімелер еді.
<span>Бұл әңгімеден агроном да тыс қалмайтыны белгілі. Орман егіс далаларын жазда аптапты ыстықтан, желден, құрғақшылықтан қорғаса, қыста ысқырған боранның қарды ысырып әкетуіне жол бермейді. «Орман – ең алдымен адамның денсаулығы» – дер еді дәрігер. Демалыс үйлері, тынығу орындары ағаш арасына салынады. Себебі, оның ауасы таза, әрі шипалы. Жасыл ағаштар болмаса, біздің ғаламшарымыздағы оттегі адамдардың тыныс алуына жетпес еді. </span>
<span>Бір сөзбен айтқанда, шаруашылықта орман өнімін пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ деуге болады. Тұрмыстық бұйымдар, құрылыс материалдарының орманнан алынатынын былай қойғанда, басқа да қаншама заттар бар. Мысалы, небір құнды аң терілері, жабайы кәсіптік құстардың дәмді еті мен мамығы, тіл үйіретін тәтті жеміс-жидегі, жылы, сәнді киім, төсеніш, азық-түлік, т.б. </span>
<span>Орман – жомарт табиғаттың адамға тартқан сыйы, мол байлықтың қасиетті қоймасы. Ол – «жайқалған жасыл теңіз», жерімізді көріктендіріп, өзінің қанық бояуымен, құстардың сайраған әсем әуенімен, жапырағының сырлы сыбдырымен адамды шаттыққа бөлейді. </span>
<span>Жинақтап айтқанда, орман, тоғай – баға жетпес табиғат қазынасы, халық байлығы. Сондықтан да мемлекет ормандарды, тоғайларды қорғайды. </span>